Қызылбұлақ ауылдық округінің көшелеріне атау беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қызылбұлақ селолық округі әкімінің 2011 жылғы 29 қыркүйектегі № 11 шешімі. Ақтөбе облысы Байғанин аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 25 қазанда № 3-4-122 тіркелді

     Ескерту. Шешімнің атауында және бүкіл мәтін бойынша "селолық" деген сөздер тиісінше "ауылдық" деген сөзімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қызылбұлақ ауылдық округі әкімінің 03.11.2014 № 13 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармақшасына және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Қызылбұлақ ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Жаңатаң ауылының көшелеріне келесі атаулар берілсін:
      1) Жағалау
      2) Қаратас
      3) Ынтымақ
      2. Кемерши ауылына
      1) Пошта
      2) Жағалау
      3) Дүкентүбек
      4) Орталық
      5) Бірлік
      6) Қарақұдық
      7) Достық
      3. Бұлақтыкөл ауылына
      1) Бұлақ
      2) Орталық
      3) Соркөл
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз міндетіме аламын.
      5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Қызылбұлақ ауылдық округі әкімі:

А.Кабиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады