Бадамша ауылының Мир көшесін Жоныс Үкібаев атындағы көшесі деп қайта атау туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Бадамша ауылдық округінің әкімінің 2011 жылғы 4 сәуірдегі № 1 шешімі. Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 28 сәуірде № 3-6-121 тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің деректемелерінде, атауында және бүкіл мәтіні бойынша "селолық", "селосының" сөздері "ауылдық", ауылының" сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Бадамша ауылдық округінің әкімінің 15.06.2017 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 баптарына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және ауыл халқының пікірін ескере отырып, Қарғалы ауданының Бадамша ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Бадамша ауылдық округінің әкімінің 26.12.2018 № 175 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Бадамша ауылының Мир көшесі Жоныс Үкібаев атындағы көшесі деп қайта аталсын.

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бадамша ауылдық
      округінің әкімі Ж.Оразбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады