1994 жылы туған азаматтарды қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеуді өткізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қобда аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 7 ақпандағы № 4 шешімі. Ақтөбе облысы Қобда ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 25 ақпанда № 3-7-100 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда аудандық әкімінің 2011 жылғы 14 желтоқсандағы № 17 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда аудандық әкімінің 2011.12.14 № 17 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.

       Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17-бабын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 «Қазақстан Республикасындағы әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі жөніндегі Ережені бекіту туралы» Қаулысын орындау үшін, Қазақстан Республикасының 2001 жылы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабы 1 тармағының 13 тармақшасын басшылыққа ала отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. 2011 жылдың қаңтар - наурыз аралығында Қобда аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркелу жасы 17-ге толатын 1994 жылы туылған азаматтарды, сонымен қатар бұрын тіркеуден өтпеген, тұрақты ересек жастағы азаматтарды тіркеу жүргізілсін.
      Шараларды орындауға байланысты шығындар жергілікті бюджет қаржылары есебінен жүзеге асырылады.
      2. «Аудандық орталық аурухана» КМК (А.Оразаев) (келісім бойынша) Қобда аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі мемлекеттік мекемесінің қарамағында:
      1) тіркелушілерге медициналық куәландыруды өткізу үшін дәрігер-мамандарды және медбикелерді;
      2) тіркелушілерді медициналық құжаттармен сапалы және толық қамтамасыз ету үшін жеткіншектер кабинеттерінің дәрігерлерін;
      3) шақыру учаскесіне шақырылушылар санының көбеюі нәтижесінде қосымша медициналық тексеруден өткізу үшін дәрігер-мамандарды және медбикелерді:
      4)дәрігер-мамандардың резервтік құрамын;
      5)медициналық комиссия жұмысы үшін қажетті медициналық мүліктерді, құралдарды және дәрі-дәрмектерді бөлу тапсырылсын.
      3. Меншік түріне қарамастан кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар және оқу орындарының басшыларына;
      1) тіркеуге жататын азаматтарға оларды аудандық шақыру пунктіне шақырғаны туралы хабар беру және олардың бұл шақыру бойынша уақытында келуін қамтамасыз ету тапсырылсын;
      2) әскер жасына дейінгілерді әскери есепке коюға байланысты міндеттерді орындауға қажетті уақытқа олардың жұмыс (оқу) орындарындағы айлығын (стипендиясын) сақтай отырып, жұмыстан (оқудан) босату;
      3) техникалық қызметкерлердің қажетті санын бөлу тапсырылсын.
      4. «Аудандық білім дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ (Р.Шабарова) «Қобда аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» ММ (С.Жамантаев) бірлесе отырып, аудан мектептерінде оқитын барлық 1994 жылы туылған азаматтарды тіркеумен толық қамтуды бақылауды жүзеге асыру ұсынылсын. Тіркелу кезінде анықталған барлық орта білімі жоқ азаматтарды кейіннен күндізгі және сырттай жалпы білім беру мектептерінде оқытатындай етіп есепке алсын.
      5. «Аудандық ішкі істер бөлімі» ММ (А.Калдыбаев) (келісім бойынша) полиция нарядына шақыру пунктінде қоғамдық тәртіпті сақтау үшін екі адам және іздестіру тобы үшін екі адам бөлу тапсырылсын.
      6. Ауылдық округ әкімдері «Қобда аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» ММ талабы бойынша әскер жасына дейінгілерді және әскерге шақырылушыларды олардың шақыру пунктіне шақырылғандығы туралы хабарласын және жеткіншектердің уақытында келуін қамтамасыз етсін.
      7. «Қобда аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» ММ (С.Жамантаев) азаматтардың шақыру учаскесіне тіркелуін ұйымшылдықпен жүргізуді қамтамасыз ету жөнінде шаралар алсын. Тіркеу қорытындысы туралы 2011 жылдың 11 сәуірінде аудан әкіміне хабарласын.
      8. Аудан әкімінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 11 «1993 жылы туылған азаматтарды қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеуді өткізу туралы» шешімінің (2009 жылғы 29 желтоксанындағы нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3-7-81 болып тіркелген, 2010 жылғы 7 қаңтардағы № 1 «Қобда» газетіндегі жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      9. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Елеусіноваға және Қобда аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығы С.Жамантаевқа жүктелсін.
      10. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                      Л.Исмағамбетова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады