Жарсай ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру және атауларын өзгерту туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Қобда ауданы Жарсай ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 4 шілдедегі № 5 шешімі. Ақтөбе облысы Қобда аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 1 тамызда № 3-7-112 тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің атауы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Қобда ауданы Жарсай ауылдық округі әкімінің 12.12.2014 № 8 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Деректемелерінде орыс тілінде "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылды, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Қобда ауданы Жарсай ауылдық округі әкімінің 03.03.2017 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және Жарсай ауылдық округі тұрғындары конференциясының 2011 жылғы 25 мамырдағы № 1 хаттамасы негізінде, Қобда ауданының Жарсай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Қобда ауданы Жарсай ауылдық округі әкімінің 03.03.2017 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Жарсай аулының төмендегі көшелеріне атау берілсін:
      1) Михаил Калинин көшесі;
      2) Виктор Пацаев көшесі;
      3) Имангалий Білтабанов көшесі;
      4) Әлия Молдағұлова көшесі;
      5) Яков Работягов көшесі;
      2. Ақсай ауылының төмендегі көшелеріне атау берілсін:
      1) Абай Құнанбаев көшесі;
      2) Астана көшесі;
      3. Қарағанды ауылының төмендегі көшелеріне атау берілсін:
      1) Шоқан Уәлиханов көшесі;
      2) Желтоқсан көшесі;
      4. Жарсай ауылының келесі көшелерінің атауы өзгертілсін:
      1) 70 лет Октября көшесі - Тәуелсіздік көшесі;
      2) Комсомольская көшесі - Достық көшесі;
      3) Студенческая көшесі - Студенттер көшесі
      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ауылдық округі әкімі Р.Байгельдинова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады