Құрсай ауылының көшелері мен құрамдас бөліктеріне атау және атауларын өзгерту туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Қобда ауданы Құрсай ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 13 шілдедегі № 3 шешімі. Ақтөбе облысы Қобда аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 9 тамызда № 3-7-120 тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің орыс тілдегі атауында және бүкіл мәтін бойынша "аульного", "аула" деген сөздер тиісінше "сельского", "села" деген сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Қобда ауданы Құрсай ауылдық округі әкімінің 10.12.2014 № 3 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Деректемелерінде орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Қобда ауданы Құрсай ауылдық округі әкімінің 28.02.2017 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және Құрсай ауылдық округі тұрғындары конференциясының 2011 жылғы 1 маусымдағы № 1 хаттамасы негізінде, Қобда ауданының Құрсай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Қобда ауданы Құрсай ауылдық округі әкімінің 28.02.2017 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Құрсай ауылының келесі көшелері мен тұйығына атаулар берілсін:
      1) Әлия Молдағұлова көшесі
      2) Абай Құнанбаев көшесі
      3) Астана тұйығы
      2. Құрсай ауылының келесі тұйықтарының атауы өзгертілсін:
      1) Мира тұйығы – Егемен тұйығы;
      2) Молодежная тұйығы – Жастар тұйығы;
      3) Садовая тұйығы – Жеңіс тұйығы;
      4) Целинная тұйығы – Желтоқсан тұйығы
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ауылдық округінің әкімі: Т. Казиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады