Сөгәлі ауылдық округіне қарасты елді мекендерінің көшелеріне атау беру және атауларын өзгерту туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Қобда ауданы Сөгәлі ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 11 шілдедегі № 1 шешімі. Ақтөбе облысы Қобда аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 9 тамызда № 3-7-118 тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің атауы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Қобда ауданы Сөгәлі ауылдық округі әкімінің 18.12.2014 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Деректемелерінде орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Қобда ауданы Сөгәлі ауылдық округі әкімінің 28.02.2017 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және Бұлақ ауылдық округі тұрғындары конференциясының 2011 жылғы 27 мамырдағы № 4 хаттамасы негізінде, Қобда ауданының Сөгәлі ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Қобда ауданы Сөгәлі ауылдық округі әкімінің 28.02.2017 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Көк үй ауылының көшелеріне атаулар берілсін:
      1) Амангелді Иманов көшесі;
      2) Алия Молдағұлова көшесі.
      2. Сөгәлі ауылының көшелеріне атаулар берілсін:
      1) Абат-Байтақ көшесі;
      2) Абай Құнанбаев көшесі.
      3. Қоғалы ауылының көшелеріне атаулар берілсін:
      1) Қобыланды батыр көшесі;
      2) Исатай Тайманов көшесі.
      4. Көк үй ауылының келесі көшелерінің атауы өзгертілсін:
      1) Тульская тұйығы – Жастар тұйығы;
      2) Советская көшесі – Бейбітшілік көшесі;
      3) Октябрьская көшесі – Абай Құнанбаев көшесі;
      4) Пушкина көшесі – Астана көшесі;
      5) Ленин көшесі – Сәкен Сейфуллин көшесі;
      6) Садовая көшесі – Абылай хан көшесі.
      5. Сөгәлі ауылының келесі көшелерінің атауы өзгертілсін:
      1) Восточный көшесі – Жаңа құрылыс көшесі.
      6. Қоғалы ауылының келесі көшесінің атауы өзгертілсін:
      1) Дружба көшесі – Достық көшесі.
      7. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ауылдық округінің әкімі Қ.Мынбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады