Терісаққан ауылы көшелерінің атауларын өзгерту туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Қобда ауданы Терісаққан ауылдық округінің әкімінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 3 шешімі. Ақтөбе облысы Қобда аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 17 тамызда № 3-7-126 тіркелді

      Ескерту. Деректемелеріне өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Қобда ауданы Терісаққан ауылдық округінің әкімінің 27.12.2017 № 21 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімнің мәтіні бойынша орыс тілінде "аула" сөзі "села" сөзімен ауыстырылды, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Қобда ауданы Терісаққан ауылдық округінің әкімінің 27.12.2017 № 21 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және Терісаққан ауылы – әкімшілік аумақтық бірлігі халқының конференциясының 2011 жылғы 31 мамырдағы № 5 хаттамасы негізінде, Қобда ауданының Терісаққан ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Қобда ауданы Терісаққан ауылдық округінің әкімінің 27.12.2017 № 21 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Терісаққан ауылының келесі көшелерінің атауы өзгертілсін:

      1) Молодежный көшесі – Жастар көшесі;

      2) Юбилейный көшесі – Ақтөбе көшесі;

      3) Ленина көшесі – Желтоқсан көшесі;

      4) Октябрь көшесі – Астана көшесі;

      5) Абая көшесі – Абай Құнанбаев көшесі;

      6) Набережная көшесі – Жағалау көшесі.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауыл әкімі: Н. Даржан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады