Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мәртөк аудындық әкімдігінің 2011 жылғы 21 ақпандағы № 43 қаулысы. Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 23 ақпанда № 3-8-125 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 108 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық әкімдігінің 2012.04.16 № 108 Қаулысымен.

       Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 4 ақпандағы № 1149 «Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Жарлығын орындау мақсатында, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28 бабының 6 тармағын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Мәртөк аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп, үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар анықталсын.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімі аппаратының басшысы А.А.Тұрмағамбетоваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                       М.Елеусізов

Мәртөк ауданы әкімдігінің
2011 жылғы "21" ақпан
№ 43 қаулысына қосымша

Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар

Елді мекен атауы

Үгіттік баспа материалдарын
орналастыруға арналған орындар

1

Жайсан селолық округі: Жайсан селосы

- селолық клуб
- арнайы мектеп

2

Қаратоғай селолық округі: Қаратоғай селосы

- орта мектеп

3

Қарашай селолық округі: Қаратаусай селосы

- «Қарасор» ЖШС-нің азық-түлік дүкені

4

Родников селолық округі: Родников селосы

- орта мектеп

- мәдениет үйі

5

Аққұдық селолық округі: Вознесеновка селосы

- Аққұдық селолық округі әкімі аппараты
- орта мектеп

6

Хлебодар селолық округі: Хлебодар селосы

- орта мектеп
- Хлебодар селолық округі әкімі аппараты

7

Байнассай селолық округі: Байнассай селосы

- орта мектеп

8

Байтора селолық округі:
Байтора селосы

- орта мектеп

9

Құрмансай селолық округі: Құрмансай селосы

- Құрмансай селолық округі әкімі аппараты

10

Қызылжар селолық округі: Қызылжар селосы

- орта мектеп

11

Тәңірберген селолық округі: Тәңірберген селосы

- Тәңірберген селолық округі әкімі аппараты

12

Хазірет селолық округі: Хазірет селосы

- Хазірет селолық округі әкімі аппараты

13

Мәртөк селолық округі: Мәртөк селосы

- № 4 негізгі мектеп
- № 1 орта мектеп
- Мәртөк селолық округі әкімі аппараты
- № 2 орта мектеп гимназиясы
- Мәдениет Үйі
- № 3 орта мектеп

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады