Мәртөк ауылдық округіндегі елді мекендердегі көшелердің атауларын өзгерту және атаулар беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Мәртөк ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 6 қыркүйектегі № 1 шешімі. Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 12 қазанда № 3-8-136 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің деректемелерінде, атауында және барлық мәтіні бойынша "ауыл аймағы", "ауыл аймағындағы", "ауыл аймағының", "ауыл аймақ" сөздері "ауылдық округі", "ауылдық округіндегі", "ауылдық округінің" сөздерімен ауыстырылды – Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Мәртөк ауылдық округінің әкімінің 20.04.2015 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Мәртөк ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Мәртөк ауылдық округі әкімінің 19.11.2018 № 7 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Мәртөк ауылындағы келесі көшелерінің атаулары:

      1) Ленина көшесі - Есет Көкеұлы көшесі;

      2) Советская көшесі - Н.Байғанин көшесі;

      3) Красноармейская көшесі - Р.Мир - Хайдаров көшесі;

      4) Первомайская көшесі - Т.Әубәкіров көшесі;

      5) Огородная көшесі - Чепигин көшесі;

      6) Восточная көшесі - К.Бәйсеитова көшесі;

      7) Механизатор көшесі - Пономаренко көшесі;

      8) Украинская көшесі - Бөкенбай батыр көшесі;

      9) К.Маркса көшесі - М.Әуезов көшесі;

      10) 70 лет Октября көшесі - Жамбыл көшесі;

      11) 50 лет Октября көшесі - Абай көшесі;

      12) П.Лумумбы көшесі - Тәжіғұлов көшесі;

      13) Набережная көшесі - А.Байтұрсынов көшесі;

      14) Степная көшесі - М.Дулатов көшесі;

      15) Илекская көшесі - Б.Момыш – ұлы көшесі;

      16) Кирова көшесі - Ш.Уәлиханов көшесі;

      17) Водопроводная көшесі - Ы.Алтынсарин көшесі;

      18) Калинина көшесі - Ш.Берсиев көшесі;

      19) Чкалова көшесі - Б.Майлин көшесі;

      20) Стрелковая көшесі - 312 Атқыштар дивизиясы көшесі;

      21) Партизанская көшесі - Жанғалиев көшесі;

      22) Коммунальная көшесі - Мазков көшесі;

      23) Ульянова көшесі - Кожемякин көшесі;

      24) Промышленная көшесі - Иманова көшесі;

      25) 50 лет Комсомола көшесі - М.Маметова көшесі;

      26) Кооперативная көшесі - Ә.Молдағұлова көшесі;

      27) Больничная көшесі - Батурин көшесі;

      28) Актюбинская көшесі - Қ.Медетов көшесі;

      29) Дорожная көшесі - Т.Бегельдинов көшесі;

      30) Октябрьская көшесі - Әбдіров көшесі;

      31) Мостовая көшесі - Брусиловский көшесі;

      32) Полевая көшесі - Ақбұлақ көшесі;

      33) Заводская көшесі - Бөктеев көшесі;

      34) Вокзальная көшесі - Т.Өтебалинов көшесі;

      35) Молодежная көшесі - Мұратбаев көшесі;

      36) Зеленая көшесі - Мұқанов көшесі;

      37) Линейная көшесі - Жангельдин көшесі;

      38) Дружбы көшесі - Достық көшесі;

      39) Рабочая көшесі – Жұмысшылар көшесі;

      40) Лесная көшесі – Ю.Бондарев көшесі;

      41) Строительная көшесі - О.Бердиев көшесі деп өзгертілсін.

      2. Мәртөк ауылдық округіндегі келесі елді мекендерге:

      1) Мәртөк ауылына – Желтоқсан, С.Сейфуллин, Губин, Озмитель, Панфилов, Жастар, Нефтебаза;

      2) Құмсай ауылына – Қ.Медетов, Зауыт, Құрылысшылар, Жастар;

      3) Қазан ауылына – Абай, Шығыс, Жасыл, Орталық, Заречье, Құрылыс деп көше атаулары берілсін.

      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау ауылдық округінің әкімінің орынбасары Р.А.Копжанға жүктелсін.

      4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәртөк ауылдық округінің әкімі Қ. Төлепбергенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады