Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылдық округі Ақкемер, Көктөбе, Елек ауылдарының атаусыз көшелеріне атау беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 47 шешімі. Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық Әділет басқармасында 2012 жылғы 1 ақпанда № 3-9-162 тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің орыс тілдегі тақырыбында және бүкіл мәтіні бойынша "аулов", "аульного", "ауле" сөздері "сел", "сельского", "селе" сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылдық округінің әкімінің 28.11.2014 № 39 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімнің орыс тіліндегі деректемелерінде "аульного" сөздері "сельского" сөздерімен ауыстырылды, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылдық округінің әкімінің 14.03.2017 № 12 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" № 148 Заңының 35 бабына және Ақкемер, Көктөбе, Елек аулдары халқының пікірін ескере отырып Ақкемер ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Ақкемер, Көктөбе, Елек ауылдарының көшелеріне атаулар берілсін.

      Ақкемер ауылында:

      № 1 көшеге - Әйтеке би Байбекұлы;

      № 2 көшеге - Есет батыр Көкіұлы;

      № 3 көшеге - Көтібар батыр Бәсенұлы;

      № 4 көшеге - Хазрет Мұхамбетқазы Меңдіқұлов;

      № 5 көшеге - Қадір Абдрахманов;

      № 6 көшеге – Молодежная.

      Көктөбе ауылында:

      № 1 көшеге - Садовая;

      № 2 көшеге - Школьная;

      Елек ауылында:

      № 1 көшеге - Степная;

      № 2 көшеге - Школьная;

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақкемер ауылдық округінің әкімі Ә.Қ.Қалмұрзаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады