Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Темір ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 1 наурыздағы № 41 қаулысы. Ақтөбе облысының Темір аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 2 наурызда № 3-10-143 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 20 тамыздағы № 260 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір ауданы әкімдігінің 20.08.2013 № 260 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 2 тармағына сәйкес аудан әкімдігі Қаулы етеді:
      1. Темір ауданының аумағында, Темір аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп, барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Қала, кент, селолық округтерінің әкімдері белгіленген орындарды тақталармен, стендтермен жарақтандырсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының жетекшісі Е.Сатаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                     Б.Қаниев

Аудан әкімдігінің
2011 жылғы 01 наурыздағы
№ 41 қаулысына № 1 қосымша

Темір ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар

Орналасу орны Атауы
(стенд, тақта)
Саны

1

Алтықарасу ауылы, Мәдениет үйі

стенд

1

2

Қайыңды ауылы, Ауылдық клуб үйі

стенд

1

3

Тасқопа ауылы, Ауылдық клуб үйі

стенд

1

4

Шығырлы ауылы, Ә.Молдағұлова атындағы орта мектеп

стенд

1

5

Ақсай ауылы, Мәдениет үйі

стенд

1

6

Темір қаласы, Қалалық клуб үйі

стенд

1

7

Саркөл ауылы, Саркөл орта мектебі

стенд

1

8

Шұбарши кенті, Ауылдық клуб үйі

стенд

1

9

Кенқияқ ауылы, Кенқияқ мұнай газ өндіру басқармасы (келісім бойынша)

стенд

1

10

Қопа ауылы, Ауылдық клуб үйі

стенд

1

11

Шұбарқұдық кенті

-Локомотив депосы (келісім бойынша)

-Н.Байғанин атындағы аудандық мәдениет үйі

-Халыққа қызмет көрсету орталығы

стенд

стенд

стенд

стенд

3

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады