1995 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімінің 2011 жылғы 06 желтоқсандағы N 16 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Талдықорған қаласының Әділет басқармасында 2011 жылы 14 желтоқсанда N 2-1-151 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 19 наурыздағы N 7-226 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2012.03.19 N 7-226 Қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" № 371 қаулысына сәйкес, азаматтарды әскери есепке алу, олардың санын анықтау, әскери қызметке жарамдылығын және денсаулық жағдайын анықтау, жалпы білім деңгейін және мамандығын белгілеу, дене даярлығы деңгейін анықтау, әскерге шақырушыларды алдын ала белгілеу, әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлау және әскери оқу орындарына түсу үшін кандидаттарды іріктеу мақсатында қала әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       1. 2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1995 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 31/33 мекен-жайында орналасқан "Алматы облысының Талдықорған қаласы қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасы" мемлекеттік мекемесі арқылы шақыру учаскесіне тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
       2. Еркін, Өтенай селолық округтердің әкімдері (Нұрлан Сейітжапарұлы Сыдыбаев, Рауан Тұрданғазыұлы Рақымбеков,) және ұйымдардың басшылары Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі белгілеген мерзімде "Алматы облысының Талдықорған қаласы қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасы" мемлекеттік мекемесіне шақыру учаскесіне тіркелуге жататын әскер жасына дейінгілердің тізімін берсін.
       3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ермек Амантайұлы Алпысовқа жүктелсін.
       4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 М. Бигелдиев

      КЕЛІСІЛДІ:

      Алматы облысының Талдықорған
      қаласы қорғаныс істері жөніндегі
      біріктірілген басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы подполковник                       Жантурин Ғалымжан Қуанышбайұлы
      06 желтоқсан 2011 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады