Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Қапшағай қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 22 қарашадағы N 578 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Қапшағай қаласының Әділет басқармасында 2011 жылы 01 желтоқсанда N 2-2-124 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қапшағай қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 09 ақпандағы № 113 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қапшағай қаласы әкімдігінің 09.02.2017 № 113 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-2) тармақшасына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қала аумағында орналасқан меншіктің барлық нысанындағы ұйымдарда, кәсіпорындарда және мекемелерде жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. Қапшағай қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 27 маусымдағы N 773 "Мүгедектерге арналған жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау (әлеуметтік саланың мәселелеріне жетекшілік ететін) қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі Н. Таубаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады