Текелі қаласындағы аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Текелі қалалық мәслихатының 2011 жылғы 15 шілдедегі N 34-268 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Текелі қаласының Әділет басқармасында 2011 жылы 27 тамызда N 2-3-97 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Алматы облысы Текелі қалалық мәслихатының 2013 жылғы 08 қарашадағы N 22-135 шешімімен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Алматы облысы Текелі қалалық мәслихатының 08.11.2013 N 22-135 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" N 512 Қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" N 2314 Қаулысына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Текелі қаласындағы аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Текелі қалалық мәслихатының "Текелі қаласы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы" 2008 жылғы 31 қаңтардағы N 3-27 (2008 жылғы 14 наурыздағы "Текелийский рабочий" газетінің 11 нөмірінде жарияланған, 2008 жылғы 5 наурызда 2-3-42 нөмірімен нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) шешімінің күші жойылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Текелі қалалық мәслихатының әлеуметтік мәселелер бойынша тұрақты комиссиясының төрағасына және әлеуметтік саланың мәселелеріне жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Алматы облысы Текелі қаласы  мәслихатының 2012.03.30 4-27 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Текелі қалалық мәслихатының
      IV шақырылымындағы кезекті
      ХXХVI сессиясының төрайымы                 Н. Сибирякова

      Текелі қалалық
      мәслихатының хатшысы                       Н. Калиновский

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Текелі қаласының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Әбдалиев Ерлан Жеңісбайұлы
      15 шілде 2011 жыл

Текелі қалалық мәслихатының
2011 жылғы 15 шілдедегі
"Текелі қаласындағы аз қамтамасыз
етілген отбасыларға (азаматтарға)
тұрғын үй көмегін көрсетудің
мөлшерін және тәртібін
айқындау туралы" N 34-268
шешіміне қосымша

Текелі қаласындағы аз қамтамасыз етілген отбасыларға
(азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі

      Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" N 94 Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" N 512 және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қаулыларына сәйкес әзірленді және Текелі қаласындағы аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындайды.

Жалпы ереже

      1. Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібінде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      шекті жол берілетін шығыстар үлесі – отбасының бір айда кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығындардың рұқсат етілген шекті деңгейінің отбасының жиынтық табысына пайызбен қатынасы;
      отбасының жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсандағы отбасының ақшалай да, заттай да нақты алған табысының жалпы сомасы;
      өтініш беруші – тұрғындық көмекті тағайындату үшін отбасы атынан өтініш беретін адам;
      кондоминиум объектісін басқару органы – кондоминиум объектісін күтіп ұстау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      уәкілетті орган – жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын тұрғын үй көмегін тағайындауды және төлемді жүзеге асыратын облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы.
      учаскелік комиссия – әлеуметтік көмекті алуға өтініш жасаған отбасылардың (азаматтардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін қала әкімінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия.
      2. Тұрғын үй көмегі Текелі қаласында тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға).
      1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға.
      2) тұрғын үйдің меншік иелерінің немесе жалдаушыларының (қосымша жалдаушыларының) отбасыларына (азаматтарына) коммуналдық қызметтерді тұтынуға.
      3) байланыс саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне.
      4) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына ақы төлеуге беріледі.
      Аз қамтамасыз етілген отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
      Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергілікті өкілді органдар белгілеген шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Алматы облысы Текелі қаласы  мәслихатының 2012.03.30 4-27 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      3. Абзац алынып тасталды - Алматы облысы Текелі қаласы  мәслихатының 2012.03.30 4-27 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      Белгіленген нормадан артық кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға және (немесе) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға қаражат жинақтауға арналған жарналарға, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну төлемін азаматтар жалпы негіздер бойынша төлейді.
      Отбасының бір айда кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін  тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға және (немесе) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға қаражат жинақтауға арналған жарналарға, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығындардың рұқсат етілген шекті деңгейі отбасы табысының он пайызы мөлшерінде белгіленеді.
      Күтімге мұқтаж деп танылған бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, жасы сексеннен асқан тұлғаларға күтім жасайтын немесе үш жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеумен айналысатындарды, күндізгі бөлімде оқымайтын, әскери қызмет атқармайтын, жұмыс істемейтін және жұмыссыз ретінде уәкілетті органда тіркелмеген еңбекке қабілетті тұлғалары бар аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
      Егер өтініш беруші толық емес немесе шындыққа сай келмейтін мәліметтерін берген жағдайда тұрғын үй көмегіне ұсынылған құжаттар қабылданбайды.

Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау

      4. Тұрғын үй көмегін алуға Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын және тұрып қайту рұқсаты бар азаматтығы жоқ тұлғалардың құқығы бар. Тұрғын үй көмегi барлық қажеттi құжаттарымен бiрге өтiнiш берген бір тоқсанға тағайындалады. Тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн құжаттар ағымдағы тоқсанның соңғы айының 25-не дейiн қабылданады. Қайталанған өтiнiш кезiнде тұрғын үй көмегi ағымдағы тоқсанда құжаттарды ұсыну мерзiмiнен тәуелсiз тоқсанға тағайындалады.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгер3с енгізілді - Алматы облысы Текелі қаласы мәслихатының 2012.03.30 4-27 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      5. Жергiлiктi жылумен жылытылатын жекеменшiк үй құрылыстарында тұратын отбасыларға тұрғын үй көмегi жылыту маусымына тағайындалады. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін есептеу мерзімі өтінішімен қоса барлық қажетті құжаттарды өткізген жылдың тоқсаны болып саналады.
      Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үйі (пәтерлер, тұрғын үйлер) бар немесе тұрғын жайды жалға немесе пайдалануға беруші аз қамтамасыз етілген отбасылары (азаматтар) тұрғын үй көмегі берілмейді.
      6. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат (отбасы) "Текелі қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (әрі қарай – Бөлім) өтінішін пен келесі құжаттарын ұсынады:
      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
      2) тұрғын үйге құқықтығын растайтын құжаттың көшірмесі (тұрғын үй аумағының көлемі, бөлме саны көрсетілген жекешелендіру, сыйға тарту, сату - сатып алу, жалға беру келісімшарты).
      3) отбасының тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі, мекенжай бюросының анықтамасы).
      4) отбасының табысын растайтын құжаттар (тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш жасардың алдындағы үш айдағы отбасының еңбекпен тапқан табысы, зейнетақысы, жәрдемақысы, алименттер, жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табыстары, өтiнiш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға).
      5) алынып тасталды - Алматы облысы Текелі қаласы мәслихатының 2012.03.30 4-27 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      6) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар.
      Ескерту. 6-тармақшаға өзгеріс енгізілді - Алматы облысы Текелі қаласы мәслихатының 2012.03.30 4-27 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      7) коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары, телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе телекоммуникация қызметтері мен коммуналдық қызметтерді тұтыну анықтамасы.
      8) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.
      Ескерту. 8-тармақшаға өзгеріс енгізілді - Алматы облысы Текелі қаласы мәслихатының 2012.03.30 4-27 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      9) Әділет басқармасынан жекеменшігінде бір үйден басқа үйі жоқ екендігі туралы анықтама, жылына бір рет ұсынылады.
      7. Тұрғындық көмекті төлеу және тағайындау бойынша уәкілетті органы жоқ болған жағдайда өтініш беруші тұрғылықты мекенжайы бойынша құжаттарды ауылдық округтің, кенттің, ауылдың әкіміне өткізеді.
      Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
      8. Бөлім өтініш берушіден немесе кенттің әкімінен, ауыл, ауылдық округтің әкімінің атынан өтініші мен оған қосымша құжаттарды қабылдайды, оларды қабылдаған күннен бастап он күн ішінде қарайды және тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындамау туралы есеп жүргізеді.
      9. Тұрғын үй көмегін алушылар он бес күн мерзімде Бөлімді көмек мөлшерінің өзгеруі үшін негіз болатын немесе алуға әсер ететін мән-жайлар туралы хабардар етеді.
      Өтініш беруші тұрғын үй көмегінің мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар туралы хабарламаған жағдайда, қайта есептеу келесі тоқсанда жүргізіледі (анықталған уақыттан).
      Артық төленген сомалар ерікті түрде, ал бас тартылған жағдайда – сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.
      10. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган немесе кенттің әкімі, ауыл, ауылдық округтің әкімі құжаттардың көшірмелерін тексеріп, оларды тіркеуден өткізеді және өтініш берушіге құжаттарын қабылдағаны жөніндегі растайтын құжат беріледі.
      11. Кенттің әкімі, ауыл, ауылдық округтің әкімі өтініш берушінің құжаттарын тұрғындық көмекті төлеу және тағайындау туралы өтініш берушіден құжаттарды қабылдаған күннен он күн мерзімнен кешіктірмей уәкілетті органға өткізеді.
      12. Алынып тасталды - Алматы облысы Текелі қаласы мәслихатының 2012.03.30 4-27 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      13. Алынып тасталды - Алматы облысы Текелі қаласы мәслихатының 2012.03.30 4-27 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      14. Алынып тасталды - Алматы облысы Текелі қаласы мәслихатының 2012.03.30 4-27 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен..
      15. Бір айға бір отбасына тұрғын үй көмегін есептегенде келесі нормалар қабылданады:
      1) электр энергиясын қолдану:
      1 адамға – бір айға 45 киловатт;
      2 адамға – 90 киловатт;
      4 және одан көп адамнан тұратын отбасына – отбасына бір айға 150 киловаттан аспауы керек.
      2) сумен қамтамасыз ету мөлшері (метр куб):
      есептеу құралдары болғанда ыстық су – 3,5;
      есептеу құралдары болмағанда ыстық су – 3,45;
      көшедегі су колонкаларынан – 1,22;
      ауладағы су колонкаларынан – 3,65;
      су құбырымен және кәрізбен жабдықталған, бірақ ваннасы жоқ тұрғын үйлер – 4,56;
      су құбырымен, кәрізбен және ваннамен жабдықталған тұрғын үйлер – 6,54;
      ыстық сумен жабдықталған кәріз – 10,04;
      ыстық сумен жабдықталмаған кәріз – 6,54;
      ваннасыз және ыстық сусыз кәріз – 4,56;
      ыстық сумен жабдықталған кәріз, бірақ ваннасы жоқ – 7,12.
      3) қатты отынды қолданатындарға:
      пеш жағатын тұрғын үйлерге – бір жылыту мерзіміне бес тонна көмір.
      4) ай сайын қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару (метр куб):
      бір адамға – 0,1.
      5) газ тұтыну – жергiлiктi жылумен жылытылатын жекеменшiк үй құрылыстарында тұратын айына бір отбасына 10 килограмм (1 кішкене баллон).
      16. Көмірдің құнын есептеу үшін тұрғын үй көмегін есептеген тоқсанның алдындағы тоқсанның соңғы айындағы жағдай бойынша "Текелі қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұсынған қала бойынша орташа баға қолданылады.
      17. Тұрғын үй көмегінің төлемі көрсетілген операция түрлеріне лицензиялары бар Бөлім және банк филиалдары немесе басқа да ұйымдар арасында жасалған Агенттік келісімі негізінде тағайындалған соманы алушының жеке шотына аудару жолымен жүзеге асырылады.

Қорытынды

      18. Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібімен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады