1995 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Алматы облысы Алакөл ауданының әкімінің 2011 жылғы 13 желтоқсандағы N 12-514 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Алакөл ауданының Әділет басқармасында 2011 жылы 26 желтоқсанда N 2-5-164 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" № 371 қаулысына сәйкес, азаматтарды әскери есепке алу, олардың санын, әскери қызметке жарамдылығын анықтау, жалпы білім деңгейін және мамандығын белгілеу, дене даярлығы деңгейін анықтау мақсатында Алакөл аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       1. 2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1995 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды Үшарал қаласы, Бауыржан Момышұлы көшесі, 101 мекен-жайында орналасқан "Алакөл ауданының Қорғаныс істер жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі арқылы шақыру учаскесіне тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
       2. Қала, кент, ауылдық округ әкімдері және ұйымдардың басшылары Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі белгілеген мерзімде "Алакөл ауданының Қорғаныс істер жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне шақыру учаскесіне тіркелуге жататын әскер жасына дейінгілердің тізімін берсін.
       3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Салтанат Дәулетханқызы Меңлібаеваға жүктелсін.
       4. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Ә. Жақанбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады