Еңбекшіқазақ ауданының Ташкенсаз селолық округіндегі Баяндай ауылының шекарасын өзгерту туралы

Жаңа

Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2011 жылғы 18 наурыздағы N 48-4 шешімі және Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 18 наурыздағы N 225 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Еңбекшіқазақ ауданының Әділет басқармасында 2011 жылы 25 сәуірде N 2-8-178 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 13-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20-маусымдағы N 442 Жер Кодексінің 108-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8-желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12-бабы 3-тармағына сәйкес және аудан әкімінің 2011 жылғы 16-наурыздағы N 09-01/568 хатының, Ташкенсаз селолық округі әкімінің 2010 жылғы 29-желтоқсандағы N 318 хатының негізінде, Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ташкенсаз селолық округіндегі Баяндай ауылының жанындағы босалқы 11 га жер телімі Баяндай ауылына қосылып, Баяндай ауылының шекарасы 11 га өзгертілсін.
      2. Осы бірлескен шешімнің орындалуы "Еңбекшіқазақ аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Сейіт Оразғұлұлы Құлынбаевқа және "Еңбекшіқазақ ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Семейғазы Қажибайұлы Молдақасымовқа жүктелсін.
      3. Осы бірлескен шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Мақсат Тоқбергенұлы Бекетаевқа және аудандық мәслихаттың заңдылықты сақтау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      4. Осы бірлескен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Аудандық мәслихаттың
      48-сессиясының төрайымы                    Қ. Дюсембаева

      Аудандық мәслихат
      хатшысы                                    Ә. Талқамбаев

      Еңбекшіқазақ ауданының
      әкімі                                      Ә. Тойбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады