Мүгедектерге жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Ескелді ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 01 шілдедегі N 127 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаменті Ескелді ауданының Әділет басқармасында 2011 жылы 20 шілдеде N 2-9-125 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Ескелді аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 408 қаулысымен

       Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ескелді аудандық әкімдігінің 29.12.2014 № 408 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының 2005 жылдың 13 сәуіріндегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31–бабындағы 1)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5–бабындағы 2–тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31–бабындағы 1–тармағының 13)-тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудандағы барлық жұмыс берушілердің меншік түріне қарамастан жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің бірінші орынбасары Қайырғали Айтжанұлы Әлібаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енгізіледі.

      Аудан әкімі                                С.М. Дүйсембінов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады