Қаратал ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін 2011 жылы әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Қаратал аудандық мәслихатының 2011 жылғы 10 қарашадағы N 57-260 шешімі. Алматы облысының әділет департаменті Қаратал ауданының әділет басқармасында 2011 жылы 24 қарашада N 2-12-182 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал аудандық мәслихатының 2012 жылғы 17 қазандағы N 12-52 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал аудандық мәслихатының 2012.10.17 N 12-52 Шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес, Қаратал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін 2011 жылдың бюджет қаражаты есебінен 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әлеуметтік көмек берілсін.
       2. Қаратал аудандық мәслихатының 2010 жылғы 21 қыркүйектегі N 39-189 "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін 2010 жылы әлеуметтік көмек беру туралы" (нормативтік құқықтық актілер тіркеу тізілімінде 2010 жылдың 05 қазанындағы 2-12-160 нөмірімен тіркелген, 2010 жылдың 8 қазанындағы аудандық "Қаратал" газетінің 42 нөмірінде жарияланған) шешімінің күші жойылсын деп танылсын.
       3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, көлік және байланыс, тұрмыстық қызмет көрсету, заңдылықты құқылық тәртіпті, азаматтардың құқыларын, бостандықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына (төрағасы депутат Тәпенов Рысхан Аманжолұлына) жүктелсін.
       4. Осы шешім Әділет органынан мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы:                           Ю. Мальгин

      Мәслихат хатшысы:                          С. Дәркенбаева

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қаратал ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі
      мемлекеттік мекемесінің бастығы:           Амандосов Серік Жапарович
      10 қараша 2011 жыл

      Қаратал ауданының қаржы
      бөлімі мемлекеттік
      мекемесінің бастығы:                       Мадибеков Бакберген Баймуханбетович
      10 қараша 2011 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады