Үйде тәрбиеленіп, оқитын мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Райымбек ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 17 қазандағы N 351 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Райымбек ауданының Әділет басқармасында 2011 жылы 25 қазанда N 2-15-108 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Райымбек ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 04 желтоқсандағы № 302 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Райымбек ауданы әкімдігінің 04.12.2014 № 302 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16-бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес Райымбек ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларды (бұдан әрі- мүгедек балалар) үйде тәрбиелеу мен оқыту шығындарын өтеу (бұдан әрі-үйде тәрбиелеуге және оқытуға көмек) әр мүгедек балаға тоқсанына айлық есептік көрсеткіштің сегіз еселенген мөлшерінде төленуі қамтамасыз етілсін.
      2. Үйде тәрбиелеуге және оқытуға көмек туған, асырап алған, сонымен бірге қамқорлыққа (қорғаншылыққа) алған мүгедек балалардың және 18 жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектердің ата-анасының біреуіне немесе оның орнындағы адамға отбасының табыстарына қарамастан, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның берген қорытындысы негізінде мүгедек баланы үйде тәрбиелеу қажет деп табылған сәттен бастап бір жылға және үйде оқыту қажет деп табылған сәттен бастап каникул күндерін есептемегенде бір оқу жылына тоқсандағы өтініш білдірген айдан бастап тағайындалады және психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысының мерзімінің бітуіне дейін төленеді.
      3. Әлеуметтік көмекті тағайындауға және төлеуге уәкілетті орган болып "Райымбек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мекемесі айқындалсын.
      Үйде оқытуға көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді уәкілетті органның басшысымен арызды және барлық керекті құжаттарды қабылдаған күннен кейін он жұмыс күні ішінде қабылданады және тоқсан сайын төленеді.
      4. "Райымбек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Зықаев Халық Сансызбайұлына тұрғылықты жері бойынша ата-анасының біреуіне немесе олардың орнын басатын адамның әлеуметтік көмекті төлейтін мекемелердегі ашылған есеп шотының нөмірі көрсетілген екінші деңгейдегі банк филиалы және осы операциялардың түрлерін жүзеге асыратын рұқсаты бар басқа да мекемелер арқылы өтініші бойынша келесі құжаттарды ұсынған жағдайда жәрдемақының тағайындалып төленуін қамтамасыз етсін:
      1) өтініші.
      2) өтініш берушінің жеке басын куәландыру құжатының, соның ішінде оралмандарға берілген ыхтияр хат немесе оралмандар куәлігінің көшірмесі.
      3) мүгедек баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі.
      4) мүгедек баланың және өтініш берушінің тұрғылықты жерін растайтын құжатының көшірмесі немесе жергілікті әкімдіктің анықтамасы.
      5) медициналық-әлеуметтік сараптаманың баланың мүгедектігі жайлы анықтамасының көшірмесі.
      6) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның мүгедек баланы үйден оқыту немесе тәрбиелеу туралы қорытындысы.
      7) оқу орнының мүмкіндігі шектеулі мүгедек баланы үйден оқытатыны жайлы анықтамасы.
      8) отбасы құрамы жайлы тоқсан сайын ұсынылатын анықтамасы.
      9) мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларды үйде оқыту немесе тәрбиелеу үшін жұмсалған шығындарды өтеп беруге байланысты қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы арнайы комиссияның шешімі.
      Құжаттардың көшірмелері және түпнұсқалары салыстыру үшін ұсынылады, одан кейін түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылып беріледі.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Нурдавлетов Мәдени Нұраділұлына жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Қ. Медеуов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Райымбек аудандық жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Зықаев Халық Сансызбайұлы
      17 қазан 2011 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады