"Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялауға құжаттарын бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімінің 2011 жылғы 4 мамырдағы № 8 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы әкімінің 2011 жылғы 2 қарашадағы № 17 Шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 15 қарашада № 1798 тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімінің 31.12.2015 № 4 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 252 қаулыcына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 маусымдағы № 681 қаулысына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. "Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялауға құжаттарын бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімінің 2011 жылғы 4 мамырдағы № 8 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1788 болып тіркелген, 2011 жылдың 4 маусымында № 94-95 "Ақ жол" газетінде және 2011 жылдың 4 маусымында № 63 "Знамя труда" газетінде жарияланды) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1 тармағында:
      2) тармақшасы және № 2 қосымшасының атауы "Аудан бойынша мал шаруашылығы өнімін сату" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ сиыр саны" деген сөздермен толықтырылсын;
      № 2 қосымшасының кестедегі 2-ші және 3-ші бағана арасына "Сиыр саны (бас)" деген бағанасы енгізілсін;
      3) тармақшада және № 3 қосымшасының атауы "Мал шаруашылығы өнімінің субсидияланатын көлемін өндіруге квоталар мен тауар өндірушілер арасында субсидиялар мөлшерін бөлу жиынтық тізімінің нысаны" деген сөздер "Субсидиялау бағдарламасына қатысушылар арасында квоталар мен бюджеттік субсидиялар мөлшерін бөлудің жиынтық тізімінің нысаны" деген сөздермен өзгертілсін;
      № 3 қосымшаның кестедегі 4-ші және 5-ші бағана арасына "Сиыр саны, (бас)" деген бағанасы енгізілсін;
      № 3 қосымшасының 9-шы бағана "Бір бірлік өткерілген өнімге" сөздерінен кейін "1 басқа" деген сөзбен, 10-шы бағана "тонна, мың дана" сөздерінен кейін "бас" деген сөзбен толықтырылсын;
      № 3 қосымшасының кестедегі "шұбат" жолынан кейін "Сиырдың аналық басына*" жолы қосылсын;
      № 3 қосымшасының кесте соңы "*мүйізді ірі қара малының аналық басын азықтандыруға пайданылатын шырынды және кесек мал азығының құнын субсидиялауға толтырылады" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) тармақшасы және № 4 қосымшаның атауы "Мал шаруашылығы өнімінің сатылған көлемі" деген сөздерден кейін "және" деген сөз алынып тасталынып, "сондай-ақ сиыр саны мен" деген сөздермен толықтырылсын;
      № 4 қосымшасының кестедегі 5-ші бағана "Бір бірлік өткерілген мал өніміне (1 кг. дана) қаралған субсидия нормасы, тенге" деген сөздерден кейін "немесе 1 басқа" деген сөздермен толықтырылсын;
      № 1 қосымша келесі мәтінде "Шырынды және кесек мал азығы үшін субсидия алуға өтінім нысаны" жаңа абзацпен қосымшаға сәйкес толықтырылып бекітілсін.
      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Мұратбай Сматайұлы Жолдасбаевқа жүктелсін.

      Облыс әкімі Қ. Бозымбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының Ауыл
      шаруашылығы министрі
      А.Мамытбеков
      4 қараша 2011 жыл

  Жамбыл облысы әкімінің
2 қараша 2011 жылғы № 17
шешіміне қосымша
Жамбыл облысы әкімінің
4 мамырдағы 2011 жылғы
№ 8 шешіміне № 1 қосымша

Шырынды және кесек мал азығы үшін субсидия алуға өтінім нысаны

       1. Тауар өндіруші___________________________________________
       (заңды (жеке) тұлғаның атауы)
       2. 2011 жылдың 1 наурызына нақты қолда бар мүйізді ірі қара _____ бас, оның ішінде сиыр _____ бас.
       3. Малды күтіп – бағуға арналған _______ жылы іске қосылған _____ сиырға арналған ашық/жабық үй-жайлар.
       4. Барлық жер алқаптарының көлемі _______ га., оның ішінде егістік жерлер _____ га., жайылымдық жерлер _________ га.
       5. 2011 жылы дайындауға жоспарланған:
       1) шырынды азықтар ____________________ тонн;
       2) кесек азықтар ____________________ тонн;
       3) қоспалы жемдер ____________________ тонн;
       4) азықтық жемдер ______________________ тонн.
       6. 2011 жылы қосымша сатып алуға жоспарланған:
       1) шырынды азықтар ____________________ тонн;
       2) кесек азықтар ____________________ тонн;
       3) қоспалы жемдер ____________________ тонн;
       4) азықтық жемдер ______________________ тонн.
       7.Селекциялық және асылдандыру жұмыстарының бірыңғай ақпараттық базасында тіркелген __________( fs24№ және тіркелген күні).
       8. Тауар өндірушінің мекен-жайы: __________________________.
      9. Тапсырысқа келесі құжаттар қоса тіркеледі:
      1) ветеринарлық қолайлы жағдай туралы анықтама;
      2) заңды тұлғаның тіркеу (қайта тіркеу) куәлігінің көшірмесі;
      3) клиенттің салық төлеу тіркеуіне алынғанын растайтын, салық органы берген құжаттың көшірмесі;
      4)банктың нөмірімен көрсетілген банктік есеп-шотының анықтамасы;
      5) аналық басты сақтау міндеттемесі;
      6) азық сапасын анықтау бойынша міндеттеме.
      Кәсіпорын (шаруашылық) басшысы (аты-жөні, қолы, мөрі)
      "_ " 2011 жыл
      "РАСТАЙМЫН" *
      _______________________аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы ___________ облысы
      "__" _________ 2011ж. ____________________ (Аты-жөні, қолы, мөрі)
      Ескерту:
      *Белгіленген заңнамалық тәртіпке сәйкес, аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы өтінімде көрсетілген мәліметтердің растығын тексеруге және критерилерге сәйкестігін анықтауға комиссия құруға құқылы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады