Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарын белгілеу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Жуалы аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 491 Қаулысы. Жамбыл облысы Жуалы аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 7 желтоқсанда № 6-4-111 тіркелді

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған. 
      «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28 - бабының 6 тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарына барлық кандидаттарының үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар қосымшаға сәйкес Жуалы аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп белгіленсін.
      2. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының жетекшісі Амангелды Наметкулович Наметкуловқа жүктелсін.

      Аудан әкімі                                Б. Қарашолақов

Жуалы ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 30 қарашадағы
№ 492 қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттығына кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жай беру үшін орындар

Елді мекеннің атауы

Сайлаушылармен кездесу өтетін орны

1

Б.Момышұлы ауылы

Жамбыл көшесі, № 14 Б.Момышұлы ауылы мәдениет үйі

2

Ақсай ауылдық округі

Абай көшесі, № 5 Мыңбұлақ орта мектебі

3

Ақтөбе ауылдық округі

Набережная көшесі, № 2 мәдениет үйі

4

Билікөл ауылдық округі

Жамбыл көшесі, нөмірсіз мәдениет үйі

5

Боралдай ауылдық округі

Д.Қонаев көшесі, № 59 мәдениет үйі

6

Жетітөбе ауылдық округі

М.Үсіпбеков көшесі, нөмірсіз Жетітөбе орта мектебі

7

Көкбастау ауылдық округі

А.Иманалыұлы көшесі, № 51 мәдениет үйі

8

Күреңбел ауылдық округі

Бейбітшілік көшесі, № 64 мәдениет үйі

9

Қарасаз ауылдық округі

Ю.Гагарин көшесі, № 49 мәдениет үйі

10

Қошқарата ауылдық округі

Б.Үсенов көшесі, № 44 Абай орта мектебі

11

Қызыларық ауылдық округі

Советская көшесі, № 19 А мәдениет үйі

12

Мыңбұлақ ауылдық округі

Д.Қонаев көшесі, № 52 А.Гайдар орта мектебі

13

Нұрлыкент ауылдық округі

Н.Замбаев көшесі, № 49 М.Ломоносов орта мектебі

14

Тоғызтарау ауылдық округі

Жамбыл көшесі, № 5А мәдениет үйі

15

Шақпақ ауылдық округі

А.Пахомов көшесі, № 45А ауыл әкімшілігі ғимараты


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады