Бірлік ауылындағы орталық саябаққа атау беру туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Бірлік ауылдық округінің әкімінің 2011 жылғы 11 тамыздағы N 21 Шешімі. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 26 тамызда 6-7-71 нөмірімен тіркелді

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабының 3 тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және 2011 жылдың 23 ақпанында өткен ауыл тұрғындары жиналысының хаттамасына сәйкес Бірлік ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Бірлік ауылындағы орталық саябаққа Дүйсен Асанбаевтың есімі берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бірлік ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Қ. Салмарбековке жүктелсін.
      3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.


      Бірлік ауылдық округінің әкімі                Е.Асанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады