Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметік көмек беру туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 2011 жылғы 18 қазандағы N 55-4 шешімі. Сарысу аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 26 қазанда № 6-9-123 тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 2012 жылғы 30 қарашадағы № 10-4 шешімімен

      Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 2012.11.30 № 10-4 шешімімен

      Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңының 18-бабының 5-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШIМ ЕТТI:
      1. Ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс iстейтiн мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде отын сатып алу үшiн әлеуметтiк көмек берiлсiн.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық аумағының дамуы, қаржы және бюджет, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану, әкімшілік-аумақтық бөліністі айқындау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы А. Назарбековке жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      
      Аудандық мәслихат                          Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       хатшысы
      Б. Ильясов                                 М. Есмаханов
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады