Талас ауданында 2011 жылы сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметін өтеуге кезекті шақыру туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Талас ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 17 наурыздағы N 95 Қаулысы. Жамбыл облысы Талас ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 29 сәуірде № 6-10-118 тіркелді

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 19-бабына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығына және «Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығын iске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 11 наурыздағы № 250 Қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейігі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізілсін.
      2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және жүргізу үшін келесі құрамда аудандық шақыру комиссиясы құрылсын:

Симтиков

Куаныш Алпысбаевич

- «Жамбыл облысы Қаратау қаласының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша);

Сыздыкова

Айман Абдигалиевна

- Талас ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі бастығының міндетін атқарушы, комиссия төрағасының орынбасары;

Касымова

Нуриля Керимбаевна

- «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Талас аудандық орталық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының медбикесі, медициналық комиссия хатшысы (келісім бойынша);

Комиссия мүшелері:


Сыдыков Айдар

- «Жамбыл облысы ішкі істер департаментінің Талас аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша);

Ормаханов

Сакен Суймбекович

- «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Талас аудандық орталық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының хирург-дәрігері (келісім бойынша).

      3. «Жамбыл облысы ішкі істер департаментінің Талас аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) қызметке шақырудан жалтарған адамдарды жеткізуді қамтамасыз ету ұсынылсын.
      4. Осы Қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Мұрат Жарылқапұлы Тұрысбекке жүктелсін.

      Аудан әкімі                                А.Қарабалаев

КЕЛІСІЛДІ:

«Жамбыл облысы Қаратау қаласының
Қорғаныс істері жөніндегі
біріктірілген бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Қ.А. Симтиков
16 наурыз 2011 жыл

«Жамбыл облысы ішкі істер департаментінің
Талас аудандық ішкі істер бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Б.А. Бүркітбаев
16 наурыз 2011 жыл

«Жамбыл облысы әкімдігінің
денсаулық сақтау басқармасы
Талас аудандық орталық ауруханасы»
коммуналдық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері
Е.А.Имаммырзаев
16 наурыз 2011 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады