Мүгедектер ұшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Талас аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 23 тамыздағы N 318 қаулысы. Жамбыл облысы Талас ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 20 қыркүйекте № 6-10-123 тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Талас ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 366 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Талас ауданы әкімдігінің 27.09.2016 № 366 қаулысымен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 - бап 5-2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31 - бап 1) тармағына сәйкес, жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген мүгедектерді әлеуметтік қорғау мақсатында, оларды жұмыспен қамтамасыз ету үшін, Талас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді – Жамбыл облысы Талас ауданы әкімдігінің 29.04.2015 № 196 қаулысымен (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. "Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жұмыс берушілерге тиісті жолдама беру арқылы жұмысқа орналасуды қажет ететін мүгедектерді квоталанған жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға қолдау көрсетуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары М.Ж.Тұрысбекке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А. Қарабалаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады