Қарағанды облысының су қоймалары акваториясында, оның ішінде Қарағанды облысының әкімшілік шекаралары шегіндегі Балқаш көлінде шағын өлшемді кемелерді және олардың тұрағы үшін базаларды (құрылыстарды) пайдалану Жергілікті ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы әкімдігінің 2011 жылғы 2 ақпандағы N 04/01 қаулысы. Қарағанды облысы Әділет департаментінде 2011 жылғы 8 ақпанда N 1889 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімдігінің 2012 жылғы 4 шілдедегі N 32/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімдігінің 2012.07.04  N 32/01 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 1999 жылғы 30 қарашадағы N 849 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарында жүзу ережелеріне (1999 жылғы 24 желтоқсанда N 1009 нөмірімен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелген), Көлік және коммуникация министрінің 1998 жылғы 10 тамыздағы N 172 бұйрығымен бекітілген Шағын өлшемді кемелерді және олардың тұрағы үшін базаларды (құрылыстарды) пайдалану ережелеріне (1998 жылғы 1 қыркүйекте N 591 нөмірімен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелген) сәйкес және облыстың су қоймалары акваториясында шағын өлшемді кемелердің қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қарағанды облысының су қоймалары акваториясында, оның ішінде Қарағанды облысының әкімшілік шекаралары шегіндегі Балқаш көлінде шағын өлшемді кемелерді және олардың тұрағы үшін базаларды (құрылыстарды) пайдалану Жергілікті ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Қарағанды облысы әкімдігінің "Қарағанды облысының су қоймалары акваториясында, оның ішінде Қарағанды облысының әкімшілік шекаралары шегіндегі Балқаш көлінде шағын өлшемді кемелерді және олардың тұрағы үшін базаларды (құрылыстарды) пайдалану Жергілікті ережесін бекіту туралы" қаулысының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.С. Рақымбековке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді.

      Қарағанды
      облысының әкімі                            С. Ахметов

Қарағанды облысы әкімдігінің
2011 жылғы 2 ақпандағы
N 04/01 қаулысымен бекітілді

Қарағанды облысының су қоймалары акваториясында, оның ішінде
Қарағанды облысының әкімшілік шекаралары шегіндегі Балқаш
көлінде шағын өлшемді кемелерді және олардың тұрағы үшін
базаларды (құрылыстарды) пайдалану
ЖЕРГІЛІКТІ ЕРЕЖЕСІ 1. Жалпы ережелері

      1. Осы Қарағанды облысының су қоймалары акваториясында, оның ішінде Қарағанды облысының әкімшілік шекаралары шегіндегі Балқаш көлінде шағын өлшемді кемелерді және олардың тұрағы үшін базаларды (құрылыстарды) пайдалану Жергілікті ережесі (бұдан әрі – Ереже) меншік түріне және азаматтығына қарамастан, барлық заңды және жеке тұлғалардың орындауы үшін қажетті шағын өлшемді кемелерді және олардың тұрағы үшін базаларды (құрылыстарды) пайдалану тәртібін белгілейді және Қарағанды облысының су қоймалары акваториясында, оның ішінде Қарағанды облысының әкімшілік шекаралары шегіндегі Балқаш көлінде шағын өлшемді кемелердің қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қызмет етеді.
      2. Шағын өлшемді кемелердің кеме иелері мен кеме жүргізушілері осы Ережені орындауға және Қазақстан Республикасының су көлігі саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ нормативтік құжаттарын басшылыққа алуға, шағын өлшемді кемелердің қауіпсіз жүзуін қамтамасыз етуге, суда адамдармен бақытсыздық жағдайлардың алдын алуға, қоршаған ортаның ластануын жібермеуге тиісті.
      3. Осы Ереженің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      4. Техникалық байқаудан өткізу үшін, барлық шағын өлшемді кемелер іске қосылғанда және одан әрі пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелерінің кеме қатынасы қауіпсіздігіне бақылау жасауға жауапты қызметкеріне Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 1998 жылғы 10 тамыздағы N 172 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының шағын өлшемді кемелеріне техникалық қадағалау жүргізу жөніндегі нұсқаулығына сәйкес ұсынылуға тиісті.

2. Кеме иелеріне, кеме жүргізушілерге және демалыс аймақтарының иелеріне қойылатын жалпы талаптар

      5. алынып тасталды - Қарағанды облысы әкімдігінің 2011.05.03 N 17/04 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді).
      6. Зардап шеккендерді құтқаруға қолданылатын шағын өлшемді кемелер мен өзге де құралдардан басқа, шағын өлшемді кемелер мен басқадай жүзу құралдарын жағажайға, адамдардың көптеп шомылатын жерлеріне 100 метрден жақын жерде пайдалануға жол берілмейді.
      7. Адамдардың шомылу аумағынан тыс жерлерде шағын өлшемді кемелердің өтуі үшін, "ДӘЛІЗ АУМАҒЫНДА ШОМЫЛУҒА ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН!" деген ескерту және шектеу белгілері бар, айқын түсті буйлар немесе вехалармен қоршалған ені 10 метрден, ұзындығы 100 метрден кем емес дәліз жабдықталған болуы тиіс.
      8. алынып тасталды - Қарағанды облысы әкімдігінің 2011.05.03 N 17/04 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді).
      9. Демалыс аймағының иелері немесе әкімшінің міндетін атқарушы тұлға:
      1) навигация кезеңінде 09 сағат 00 минуттен 21 сағат 00 минутке дейін шағын өлшемді кемелерді пайдалануды қамтамасыз етуге;
      2) алынып тасталды - Қарағанды облысы әкімдігінің 2011.05.03 N 17/04 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді).
      3) алынып тасталды - Қарағанды облысы әкімдігінің 2011.05.03 N 17/04 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді).
      4) алынып тасталды - Қарағанды облысы әкімдігінің 2011.05.03 N 17/04 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді).
      5) алынып тасталды - Қарағанды облысы әкімдігінің 2011.05.03 N 17/04 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді).
      6) алынып тасталды - Қарағанды облысы әкімдігінің 2011.05.03 N 17/04 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді).
      7) алынып тасталды - Қарағанды облысы әкімдігінің 2011.05.03 N 17/04 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді).
      8) алынып тасталды - Қарағанды облысы әкімдігінің 2011.05.03 N 17/04 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді).
      9) алынып тасталды - Қарағанды облысы әкімдігінің 2011.05.03 N 17/04 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді).
      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қарағанды облысы әкімдігінің 2011.05.03 N 17/04 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді).
      10. алынып тасталды - Қарағанды облысы әкімдігінің 2011.05.03 N 17/04 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді).
      11. Екі және одан да көп демалыс аймақтарының иелері кемелеріне ортақ тұрақ базаларын жабдықтауына жол береді.
      12. Су көлігіне байланысты көлік оқиғасы болған және жарақат алған жағдайда кеме жүргізушілер, кеме иелері және демалыс аймақтарының иелері немесе әкімшінің міндетін атқарушы тұлға кідірместен ішкі істер органдарына, жедел жәрдем медициналық қызметіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесіне хабарлауға тиісті.
      13. Осы Ережені бұзған тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады