Балқаш қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 28 мамырдағы "Балқаш қаласының жоғары оқу орындарының, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектері үшін жастар практикасын ұйымдастыру туралы" N 23/16 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 26 тамыздағы N 34/11 қаулысы. Қарағанды облысы Балқаш қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 28 қыркүйекте N 8-4-243 тіркелді. Қаулының қабылданған мерзімі өтуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды (Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімі аппаратының басшысының 2014 жылғы 25 желтоқсандағы N 4-15/1866 хаты)

      Ескерту. Қаулының қабылданған мерзімі өтуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды (Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімі аппаратының басшысының 25.12.2014 N 4-15/1866 хаты).

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, жоғары оқу орындарының, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектерін жұмысқа орналастыру және біліктілігін тәжірибелі түрде меңгеру мақсатында, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Балқаш қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 28 мамырдағы "Балқаш қаласының жоғары оқу орындарының, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектері үшін жастар практикасын ұйымдастыру туралы" N 23/16 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізіліміндегі тіркеу N  8-4-146, 2009 жылғы 19 маусымдағы N 72-73 (11430) "Балқаш өңірі", N 71-72 (467) "Северное Прибалхашье" газеттерінде жарияланған) қаулысына, Балқаш қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 25 наурыздағы "Балқаш қаласының жоғары оқу орындарының, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектері үшін жастар практикасын ұйымдастыру туралы" Балқаш қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 28 мамырдағы N 23/16 қаулысына өзгерістер енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізіліміндегі тіркеу N 8-4-183, 2010 жылғы 7 мамырдағы N 57-58 "Балқаш өңірі", N 52-53 (601) "Северное Прибалхашье" газеттерінде жарияланған) N 11/02 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
      1 тармақтың 3) тармақшасы мынандай редакцияда жазылсын:
      "3) жастар практикасына қатысушылардың еңбекақылары бір қатысушыға жиырма алты мың теңге мөлшерінде өз есеп шоттарына аудару арқылы жүзеге асырылсын".
      2. Балқаш қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 14 шілдедегі "Балқаш қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 28 мамырдағы "Балқаш қаласының жоғары оқу орындарының, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектері үшін жастар практикасын ұйымдастыру туралы" N 23/16 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" N 29/02 қаулысының күші жойылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Бахит Кадыровна Молдабаеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан күнінен бастап күшіне енеді және 2011 жылдың 1 шілдесінен туындаған құқықтық қатынасына қолданылады.

      Балқаш қаласының әкімі                     Қ. Тейлянов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады