Үгіттік материалдарды орналастыру үшін орын белгілеу және сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар беру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Шахтинск қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 2 наурыздағы N 6/1 қаулысы. Қарағанды облысы Шахтинск қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 3 наурызда N 8-8-93 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімдігінің 2021 жылғы 2 шілдедегі № 33/05 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімдігінің 02.07.2021 № 33/05 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.

      2. Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар берілсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы Н.М. Смаиловқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі

Е. Нагаспаев


  Шахтинск қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 2 наурыздағы
N 6/1 қаулысына
1 қосымша

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

      1. Қаладағы және қала маңындағы кенттердің автобус аялдамалары аймағында орналасқан жарнамалық стендтер, тақталар, тұғырлықтар:

      1) Шахтинск қаласы, 44 үй ауданы, 40 лет Победы көшесі;

      2) Шахтинск қаласы, 60 үй ауданы, 40 лет Победы көшесі;

      3) Шахтинск қаласы, "Арман" мейрамханасы ауданы, 40 лет Победы көшесі;

      4) Шахтинск қаласы, "Универсам" дүкені ауданы, Абай Құнанбаев даңғылы;

      5) Шахтинск қаласы, 91 үй ауданы, Абай Құнанбаев даңғылы;

      6) Шахтинск қаласы, Салық Басқармасы ауданы, Парковая көшесі;

      7) Шахтинск қаласы, 67 үй ауданы, Ленинградская көшесі;

      8) Шахтинск қаласы, Орталық аурухана ауданы, Московская көшесі;

      9) Новодолинский кенті, "Спутник" дүкені ауданы, Дзержинский көшесі;

      10) Новодолинский кенті, 15 квартал, Центральная көшесі;

      11) Новодолинский кенті, саяжайлар ауданы, Магистральная көшесі;

      12) Северо-Западный кенті, Шахтинск – Қарағанды трассасы, теміржол өткелі ауданы, екі жағынан;

      13) Долинка кенті, 92 үй ауданы, Садовая көшесі;

      14) Долинка кенті, N 5 дүкен ауданы, Транспортная көшесі;

      15) Шахан кенті, N 50 дүкен ауданы, Добровольский көшесі;

      16) Шахан кенті, N 33 дүкен ауданы, 14 квартал;

      17) Шахан кенті, емхана ауданы, 1А шағын ауданы.

      2. Қала және қала маңындағы кенттердің дүкендері, рыноктарында аудандарында орналасқан жарнамалық стендтер, тақталар, тұғырлықтар:

      1) Шахтинск қаласы, 67 үй ауданы, Абай Құнанбаев даңғылы;

      2) Шахтинск қаласы, 26 үй ауданы, Карл Маркс көшесі;

      3) Новодолинский кенті, пошта ауданы, Центральная көшесі;

      4) Долинка кенті, "Инициал" дүкені ауданы, Клубный переулогы;

      5) Шахан кенті, пошта ауданы, Шахан көшесі;

      6) Шахан кенті, N 6 дүкен ауданы, Чернышевский көшесі.

  Шахтинск қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 2 наурыздағы
N 6/1 қаулысына
2 қосымша

Кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлардың мекен жайлары

N

Елді мекеннің атауы

Үй-жайдың мекен жайы

Ауданы (шаршы метр)

1.

Шахтинск қаласы

Шахтинск технологиялық колледжі, Шахтинск қаласы, Абай Құнанбаев даңғылы, 9 үй

60,5

2.

Шахан кенті

N 2 орта мектеп, Шахан кенті, 11/17 квартал, 1А үй

197,2

3.

Долинка кенті

N 4 орта мектеп, Долинка кенті, Парковая көшесі, 24 үй

228

4.

Новодолинский кенті

N 11 орта мектеп, Новодолинский кенті, Бобух көшесі, 23 үй

228,8


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады