Абай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1995 жылы туған ер жынысты азаматтарды тіркеуді өткізу туралы

Мерзімі біткен

Қарағанды облысы Абай ауданы әкімінің 2011 жылғы 26 желтоқсандағы N 3 шешімі. Қарағанды облысы Абай ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 10 қаңтарда N 8-9-122 тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабына сәйкес, Абай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1995 жылы туған азаматтарды тіркеуді өткізу және оларды әскери есепке алу мақсатында, Абай ауданының әкімі ШЕШТІ:

      1. Абай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1995 жылы туған ер жынысты азаматтарды тіркеу 2012 жылдың қаңтар айынан наурызына дейін өткізілсін.

      2. Абай ауданының кент, ауылдық округтар және ауыл әкімдері ұландардың Абай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру комиссиясына келуін қамтамасыз етсін.

      3. Абай ауданы әкімінің 2010 жылғы 29 қарашадағы "Абай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1994 жылы туған ер жынысты азаматтарды тіркеуді өткізу туралы" N 2 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне N 8-9-91 тіркелген, 2011 жылғы 7 қаңтардағы N 1 "Абай-Ақиқат" аудандық газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Абай ауданы әкімінің орынбасары Махамбет Төлеубайұлы Жаңабергеновке жүктелсін.

      5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Абай ауданының әкімі

Е. Нашаров


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады