Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2009 жылғы 14 қаңтардағы 11 сессиясының "Бұқар жырау ауданы аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы" N 4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Бұқар Жырау аудандық мәслихатының 39 сессиясының 2011 жылғы 13 сәуірдегі N 5 шешімі. Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы әділет басқармасында 2011 жылғы 16 мамырда N 8-11-114 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2019 жылғы 28 наурыздағы 36 сессиясының № 8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 28.03.2019 36 сессиясының № 8 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 422 бабына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 36 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2009 жылғы 14 қаңтардағы 11 сессиясының N 4 "Бұқар жырау ауданы аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 8-11-69 болып енгізілген, "Сарыарқа" аудандық газетінің 2009 жылғы 14 ақпандағы N 6 санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      жоғарыда аталған шешімнің 3 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.".

      2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасының


міндетін атқарушы,


мәслихат хатшысы

А. Жүніспеков

КЕЛІСІЛДІ:


Бұқар жырау ауданы бойынша


салық басқармасының бастығы


_______________А.Б. Таханов



      2011 жылғы 13 сәуір

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады