Нұра ауданындағы көшпелі сауда үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 13 мамырдағы N 10/11 қаулысы. Қарағанды облысы Нұра ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 30 мамырда N 8-14-145 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 29 наурыздағы № 09/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімдігінің 29.03.2016 № 09/01 (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 21 сәуiрдегi "Iшкi сауда ережесiн бекiту туралы" N 371 Қаулысына сәйкес, Нұра ауданының тұрғындарына тауарды тежеу мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Арнайы немесе сауда жабдығымен жарақталған мамандырылған транспорт құралдарын пайдаланумен автодүкен мен шатыр арқылы көшпелі сауда үшін арнайы бөлінген орындар қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Данияр Зарлықұлы Мақсұтовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі
С. Шайдаров

      
      ауданы әкімдігінің

  2011 жылғы 13 мамырдағы
N 10/11 қаулысына
қосымша

Арнайы немесе сауда жабдығымен жарақталған мамандырылған транспорт құралдарын пайдаланумен автодүкен мен шатыр арқылы көшпелі сауда үшін арнайы бөлінген орындар

N р/с
Орналасқан орны
1
Ақмешіт ауылы, Сейфуллин көшесі 3
2
Алғабас ауылы, Сейфуллин көшесі
3
Ахмет ауылы, Бейбітшілік көшесі 3
4
Байтуган ауылы, Әуезов көшесі (орталық парктің алаңы)
5
Балықтыкөл ауылы, Бейбітшілік көшесі 2
6
Баршын ауылы, Аблахатов көшесі 10
7
Жанбөбек ауылы, Уәлиханов көшесі 13/1 үйінен 17 үйге дейін
8
Жараспай ауылы, Орталық көшесі 6
9
Заречное ауылы, Ленин көшесі 1 үйінен 3 үйге дейін
10
Изенді ауылы, Боқаев көшесі 13
11
Кертінді ауылы, Қазыбек би көшесі (орталық парктің алаңы)
12
Көбетей ауылы, Жамбыл көшесі 6 үйден 8 үйге дейін
13
Киевка кенті, Қонаев көшесі 32 "Азия центр" сауда үйінің жанындағы алаң
14
Киевка кенті, Тәуелсіздік көшесі ("Халық банкінің" жанындағы алаң)
15
Қарой ауылы, Абай көшесі 22
16
Құланөтпес ауылы, орталық парктің алаңы
17
Құланутпес ауылы, Абылайхан көшесі 1
18
Майоровка ауылы, Майоровка көшесі 40
19
Мыңбаев ауылы, Центральная көшесі 19
20
Пржевал ауылы, Ленин көшесі 2/1 үйден 15 үйге дейін
21
Соналы ауылы, Абай көшесі (орталық парктің алаңы)
22
Талдысай ауылы, Сатпаев көшесі 9
23
Тассуат ауылы, Ленин көшесі 14
24
Ткенекты ауылы, Сейфуллин көшесі, 1 үйден 20-ға дейін
25
Шахтерское ауылы, Строительная көшесі, 1 үйден 1-а үйіне дейін
26
Шұбаркөл кенті, Рыскүлбеков көшесі, 56
27
Щербаковское ауылы, Мир көшесі ("Бәну" дүкенінің жанындағы алаң)

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады