Приозерск қаласы халқының нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 9 наурыздағы N 5/14 қаулысы. Қарағанды облысы Балқаш қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 16 наурызда N 8-4-226 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 25 тамыздағы N 30/5 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімдігінің 25.08.2016 N 30/5 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес, еңбек рыногындағы жағдайды есепке ала отырып, жұмыспен қамту саясатын іске асыру және жұмыспен қамту саласында қосымша мемлекеттік кепілдіктермен қамтамасыз ету мақсатында, Приозерск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Приозерск қаласы халқының нысаналы топтарға жататын адамдардың келесі қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) ұзақ уақыт жұмыс істемейтін адамдар (1 жылдан астам);
      2) Приозерск қаласының ұйымдарының, кәсіпорындарының, мекемелерінің санының немесе штатының қысқартылуына байланысты босатылған адамдар;
      3) 50 жастан асқан ерлер мен әйелдер.
      2. "Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (З.А. Медетбекова) нысаналы топтарға жататын адамдарға жұмысқа орналасуға көмек көрсетсін.
      3. Приозерск қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 26 мамырдағы N 13/6 "Приозерск қаласы халқының нысаналы топтарға жататын адамдарын қосымша тізбесін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 8-4-148 тіркелген, 2009 жылдың 03 шілдедегі "Приозерский вестник" N 16 газетінде жарияланған) қаулының күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.Ә. Қазиеваға жүктелсін.
      5. Осы қаулының алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енеді.

Приозерск қаласының әкімі
Е. Өтешев

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады