Қызылорда қаласында 2012 жылдың қаңтар-наурызда азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Қызылорда қаласы әкімінің 2011 жылғы 28 желтоқсандағы N 275 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 12 қаңтарда N 10-1-202 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда қаласы әкімінің 2012 жылғы 05 желтоқсандағы N 533 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда қаласы әкімінің 2012.12.05 N 533 Шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына сәйкес ШЕШЕМІН:
      1. "Қызылорда қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) Қызылорда қаласында 2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету ұсынылсын.
      2. "Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) шақыру учаскесінің әскери есебін тіркеу кезінде азаматтарды медициналық куәландырудан өткізуді қамтамасыз ету ұсынылсын.
      3. "Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне шақыру учаскелеріне тіркеу жұмыстарын ұйымдастыру үшін қоғамдық қызметкерлерімен қамтамасыз етсін.
      4. Аталған шараларға байланысты шығын жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен өтелсін.
      5. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Шынтасов Жасұлан Қанибайұлына жүктелсін.
      6. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      ҚАЛА ӘКІМІ                           М. ЖАЙЫМБЕТОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады