"2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 28 наурыздағы N 82 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 07 қазандағы N 322 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2011 жылы 13 қазанда N 10-6-196 тіркелді. Қаулының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімі аппаратының 2012 жылғы 20 маусымдағы N 1/4-9/1121 хатымен

      Ескерту. Қаулының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімі аппаратының 2012.06.20 N 1/4-9/1121 хатымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағы 8) тармақшасына, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 19-бабының 3-тармағына, 20-бабының 1-тармағына, "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 3 наурыздағы N 1163 Жарлығына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 28 наурыздағы N 82 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 6 сәуірде N 10-6-183 тіркелген, 2011 жылғы 9 сәуірде N 31 (8692), 2011 жылғы 13 сәуірде N 32 (8693) "Жалағаш жаршысы" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулының 1-қосымшасымен құрылған Аудандық шақыру комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін:
      Ержанов Нұрлан Манатұлы - "Жалағаш аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары,
      Еспенбетов Берік Ізбасарұлы - Қызылорда облысының Ішкі істер департаменті "Жалағаш ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша),
      Абдуайтова Жанар Оңдасынқызы - Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Жалағаш аудандық емхана" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының терапевт дәрігері, медициналық комиссияның төрайымы (келісім бойынша);
      көрсетілген аудандық шақыру комиссиясының құрамынан Р.Алиева, Е.Нұржанов, Х.Каметов шығарылсын.
      5-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) аудандық шақыру комиссиясы құрамында аудандық медициналық комиссиясын құру;";
      11-тармақтағы "Р.Алиеваға" деген сөздер "Қ.Мұстафаеваға" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Мұстафаеваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енеді және алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жалағаш ауданының әкімі                      Б. Қаюпов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қызылорда облысы Жалағаш ауданының
      қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      _______________М.Айтжанов
      "__" қазан 2011 жыл

      Қызылорда облысының денсаулық сақтау
      басқармасының "Жалағаш аудандық емхана"
      мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері
      _______________Х.Каметов
      "__" қазан 2011 жыл

      Қызылорда облысының Ішкі істер департаменті
      "Жалағаш ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығының міндетін атқарушы
      _______________ М.Беркімбаев
      "__" қазан 2011 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады