"Өңірде қажет мамандықтар бойынша білім алушы студенттерге әлеуметтік көмек тағайындау туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2010 жылғы 4 қарашадағы № 384 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2011 жылғы 02 қыркүйектегі № 265 қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 23 қыркүйекте № 2109 тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 16 қыркүйектегі № 224 қаулысы.

      Күші жойылды - Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 16 қыркүйектегі № 224 қаулысы.

       «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес және кадрлық өзгеріске байланысты, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Өңірде қажет мамандықтар бойынша білім алушы студенттерге әлеуметтік көмек тағайындау туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2010 жылғы 4 қарашадағы № 384 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2089 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінде 2010 жылғы 21 желтоқсанда № 210 (7853) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулының 1 - қосымшасында:
      Әлеуметтік көмек тағайындауға студенттерді іріктеу жөніндегі облыстық конкурстық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) құрамына:

Жұмашева

Динара Нагимуллақызы

Маңғыстау облысы білім басқармасының бастығы, Комиссия мүшесі

болып енігізілсін;
      Комиссия құрамынан Е.Қ. Қасымбеков шығарылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ. Б. Жұмашевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                             Қ. Көшербаев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Маңғыстау облысы білім
      басқармасының бастығы
      Д. Н. Жұмашева
      02 қыркүйек 2011 ж.

      Маңғыстау облысы жұмыспен
      қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
      бағдарламалар басқармасының бастығы
      Г.М. Қалмұратова
      02 қыркүйек 2011 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады