Жаңаөзен қаласының аумағында арнайы бөлінген орындарда жеміс - көкөніс өнімдерін сататын уақытша сауда алаңдарын белгілеу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 01 шілдедегі № 377 Қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2011 жылғы 25 шілдеде № 11-2-167 тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 139 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 27.03.2017 № 139 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер кодексіне, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 544 Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы № 148 Заңына сәйкес және "Қазақстан Республикасының ішкі нарығын жеміс - көкөніс өнімінен молықтыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 шілдедегі № 592 қаулысын орындау мақсатында, Жаңаөзен қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жаңаөзен қаласының аумағында арнайы бөлінген орындарда жеміс - көкөніс өнімдерін сататын уақытша сауда алаңдары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. "Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне маусымдық сипаттағы жеміс - көкөніс өнімдерін сату үшін тиісті шаралар қолданып, кәсіпкерлердің арасында жеміс - көкөніс өнімдерін жергілікті базарларға және уақытша сауда алаңдарына жеткізуді ұлғайтуға және қол жетімділікті кеңейтуге ықпал ететін қажетті түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қ.Б. Нұрмұқановқа жүктелсін.
      4.Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі
О. Сарбөпеев

      
      КЕЛІСІЛДІ:
      "Жаңаөзен қаласы бойынша мемлекеттік
      санитарлық - эпидемиологиялық
      қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы
      Қ.Қ. Есмұрзаева
      01 шілде 2011 жыл.
      "Жаңаөзен қалалық ішкі істер басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      М.Ж.Қожаев
      01 шілде 2011 жыл.
      "Жаңаөзен қалалық жер қатынастары бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      Ж.Қ. Үйсінбаева
      01 шілде 2011 жыл.
      "Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлік бөлімі
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      Е.Е. Қайыров
      01 шілде 2011 жыл.

  Жаңаөзен қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 01 шілдедегі № 377 қаулысына
қосымша

Жаңаөзен қаласының аумағында арнайы бөлінген орындарда жеміс - көкөніс өнімдерін сататын уақытша сауда алаңдарының
ТІЗБЕСІ


Уақытша сауда алаңдарының орналасқан жері
Уақытша сауда алаңдарының түрі
Уақытша сауда алаңдарының саны
1
"Өркен" шағынауданындағы Тәуелсіздік алаңы
Автодүкендерден және сауда шатырларынан
3
2
"Самал" шағынауданындағы № 7/10 үйімен "Дана" дүкенінің ортасындағы алаң
Сауда шатырларынан
2
3
"Көктем" шағынауданындағы 40 үйдің арты
Сауда шатырларынан
2
4
"Рахат" шағынауданындағы № 15 орта мектептің алды
Сауда шатырларынан
2
5
"Ақсу" шағынауданындағы № 18 орта мектептің алды
Сауда шатырларынан
2
6
"Рахат" шағынауданындағы "Теміртас-1"
жауапкершілік шектеулі серіктестігінің алды
Сауда шатырларынан
2
7
"Өркен" шағынауданындағы №19 үйімен "Асем" мейрамханасы ғимаратының арасында
Сауда шатырларынан
2
8
"Шұғыла" шағынауданындағы №8/9 үйдің артындағы алаң
Сауда шатырларынан
2
9
"Шаңырақ" шағынауданының Абай көшесіндегі өндірістік аймақ "Халал" дүкенінің алды
Сауда шатырларынан
2
10
"Шаңырақ" шағынауданының Абай көшесіндегі өндірістік аймақ "Маңғыстау" дүкенінің алды
Сауда шатырларда
2
11
"Шаңырақ" шағынауданының Абай көшесіндегі өндірістік аймақ "Дана" дүкенінің алды
Сауда шатырларынан
2
12
"Рахат" шағынауданының Н.Тілендиев көшесіндегі "Аққу" май ауыстыру орталығының оң жағындағы алаң
Сауда шатырларынан
2
13
Теңге кентінің Казпочта ғимаратының алды
Сауда шатырларынан
2
14
Теңге кентінің Марабаев даңғылының
"Ақ жол" дүкенінің оң жағындағы алаң
Сауда шатырларынан
2

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады