Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар белгілеу туралы

Күшін жойған

Бейнеу ауданының әкімдігінің 2011 жылғы 24 ақпандағы № 31 Қаулысы. Бейнеу ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 28 ақпанда № 11-3-116 тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 254 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 14.09.2020 № 254 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 28 - бабы 6 - тармағына сай, Бейнеу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ұсынысына сәйкес аудандық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес Бейнеу аудандық мәслихатының № 1 сайлау округі бойынша депутаттығына барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар (одан әрі - Орындар) белгіленсін.

      2. Бейнеу селосының әкімі К.Машырықовқа 2011 жылдың 28 ақпанынан кешіктірмей елді мекенді абаттандыру жұмыстарына қаралған қаржы есебінен Орындарды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандыру тапсырылсын.

      3. Осы қаулының орындалысын бақылау "Бейнеу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы Ү.Әмірхановаға жүктелсін.

      4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізілсін.

Аудан әкімінің


міндетін атқарушы

А.Ұлұкбанов


      Қ.Әбілшеев

      дайынд.:Ү.Әмірханова

      Қ.Бөлтеков

      М.Нысанбаев

      М.Көбеген

      Қ.Жарасбаева

  Аудандық әкімдіктің
2011 жылғы 24 ақпандағы
№ 31 қаулысына қосымша

Бейнеу аудандық мәслихатының № 1 сайлау округі бойынша депутаттығына барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар

      Бейнеу селосы - № 3 емхана және орталық

      кітапхана ғимараттарының жанында

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады