Қазақстан Республикасы Президенттігіне барлық үміткерлердің үгіттік баспа материалдарын Маңғыстау ауданы бойынша орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 28 ақпандағы № 31 Қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 02 наурызда № 11-5-111 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28 бабының 6 тармағына және 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 37 бабының 1 тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Президенттігіне барлық үміткерлердің үгіттік басылым материалдарын Маңғыстау ауданы бойынша орналастыру  орындары қосымшаға сай белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.А.Қылаңовқа жүктелсін.
      3. Қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                   Қ.Боқанов

      КЕЛІСІЛДІ:
      Маңғыстау аудандық
      сайлау комиссиясының төрағасы
      Аққұлов Асқар Лақбайұлы
      28 ақпан 2011 жыл

Маңғыстау ауданы әкімдігінің
28 ақпан 2011 жылғы
№ 31 қаулысына қосымша

Маңғыстау ауданы бойынша Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткерлердің үгіттік басылым материалдарын орналастыру орындарының тізімі

р/с

Елді мекеннің атауы

Сайлаушылармен үгіт жүргізу орнының орналасқан жері

1

Шетпе селосы

Орталық базар, муниципалдық сауда орталығы аумақтарындағы, теміржол вокзалы, автобекет, Маңғыстау техникалық колледжі ғимараттарындағы щиттерде, орталық сквер жанындағы, Құрылысшы шағын ауданындағы, Салтанат мейрамханасы жанындағы, ашық спорт стадионы жанындағы  бильбордтар тұғырында

2

Өтес селосы

Теміржол вокзалы және селолық спорт кешені ғимараттарындағы щиттерде, Өтес селосына кіре берістегі бильборд тұғырында

3

Жыңғылды селосы

Е.Айшуақұлы атындағы мектебі және селолық пошта ғимараттарындағы щиттерде

4

Тұшыбек селосы

Е.Оразақов атындағы шипажай аумағындағы щитте

5

Шайыр селосы

Шайыр орта мектебі ғимаратындағы және орталық парк аумағындағы щиттерде

6

Тұщықұдық селосы

С.Жаңғабылов атындағы мектебі ғимаратындағы щитте

7

Шебір селосы

Қаратөбе орта мектебі ғимаратындағы  щитте

8

Қызан селосы

«Қызан» ӨК және «Балауса» бала бақшасы  ғимараттарындағы щиттерде

9

Ақшымырау селосы

«Ақшымырау» ЖШС және селолық клуб  ғимараттарындағы щиттерде

10

Жармыш селосы

«Жармыш» ӨК және мәдениет үйі ғимараттарындағы щиттерде

11

Ұштаған селосы

«Ұштаған» ӨК ғимаратындағы щитте

12

Онды селосы

«Онды» ӨК және Онды орта мектебі ғимараттарындағы щиттерде

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады