Түпқараған ауданы бойынша барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы

Жаңартылған

Түпқараған ауданының әкімдігінің 2011 жылғы 01 наурыздағы № 38 Қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 02 наурызда № 11-6-131 тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 23.09.2022 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының сайлау туралы" 1995 жылдың 28 қыркүйектегі № 2464 Конституциялық Заңының 28 бабы 6 тармағын және Түпқараған аудандық сайлау комиссиясының 2011 жылдың 22 ақпанындағы № 04 санды ұсыныс хатын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Түпқараған ауданы бойынша барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 31.05.2019 № 86(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Қала, ауыл, ауылдық округтің әкімдері, қолданыстағы заңнамамен қарастырылған тәртіпте, үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін белгіленген орындарды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырылуын ұйымдастырсын.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Түпқараған ауданы әкімдігінің 23.02.2015 № 40(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д.О.Меңдіхановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы Маңғыстау облыстық әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне және бұқаралық ақпарат құралдарында алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С.У.Трумов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Түпқараған аудандық сайлау

      комиссиясының төрағасы

      Қуанбай Амалбек Жолжанұлы

      01 марта 2011 жыл

  Түпқараған ауданының әкімдігінің
  2011 жылғы 1 наурыздағы
  № 38 қаулысына қосымша

Түпқараған ауданы бойынша барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 23.09.2022 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 27.10.2023 № 150 (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

Елді-мекеннің атауы

Орналасқан жері

1

Форт-Шевченко қаласы

Н.Оңғалбайұлы көшесі, № 42 учаске, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Маңғыстау облысы бойынша филиалының Түпқараған аудандық бөлімшесі ғимаратының жанында

2

Форт-Шевченко қаласы

"Қазақстан Халық Банкі" акционерлік қоғамының №239900 Маңғыстау облыстық филиалының Түпқараған аудандық бөлімшесі ғимаратының жанында

3

Форт-Шевченко қаласы

ескі автобекет, М.Әбдіхалықов көшесі, № 4, қалалық теміржол кассасы ғимаратының жанында

4

Форт-Шевченко қаласы

М.Әбдіхалықов көшесі, № 16, "Нұрай" дүкенінің алды

5

Форт-Шевченко қаласы

М.Әбдіхалықов көшесі, № 131/1 үйдің оң жағынан 500 метр қашықтықтағы жолдың екі қапталы

6

Форт-Шевченко қаласы

Астана көшесі, № 41 үйдің сол жағы

7

Баутин ауылы

"Маңғыстау облысы білім басқармасының "Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының сол жағы

8

Баутин ауылы

З. Дубский көшесі, № 50 ғимаратының жанында

9

Баутин ауылы

"Ақтау теңіз сауда порты" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының бөлімшесінің жанында

10

Баутин ауылы

Маңғыстау облысының білім басқармасының Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің "Ақбота" бөбекжайы" жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны ғимаратының жанында

11

Баутин ауылы

Мұнайшы көшесі, №18, "Достық" қонақ үйі ғимаратының сол жағы

12

Баутин ауылының Аташ елді мекені

Ә. Жангелдин көшесі, № 27, "Түпқараған аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің "Түпқараған аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ауылдық кітапханасы ғимаратының жанында

13

Баутин ауылының Аташ елді мекені

Ә. Жангелдин көшесі, №1 қосқабатты тұрғын үйдің жанында

14

Ақшұқыр ауылы

Б. Қожашева көшесі, № 11/2, "Қазпочта" акционерлік қоғамының Маңғыстау облыстық филиалының почталық байланыстың ауылдық бөлімшесі ғимаратының жанында

15

Ақшұқыр ауылы

Б. Қожашева көшесі, № 5/1, Ақшұқыр ауылы әкімі аппаратының "Ақшұқыр мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдык қазыналық кәсіпорны ғимаратының жанында

16

Ақшұқыр ауылы

"Малика" қосқабатты дүкені ғимаратының жанында

17

Ақшұқыр ауылы

Шаруашылық жүргізу құқығымен Түпқараған ауданы әкімдігі жанындағы "Коммуналдық қызмет" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны ғимараты

18

Ақшұқыр ауылы

Үштерек көшесі, № 5 ғимаратының жанында

19

Таушық ауылы

"Қазпошта" акционерлік қоғамының Маңғыстау облыстық филиалының почталық байланыстың ауылдық бөлімшесі ғимаратының сол жағы

20

Таушық ауылы

Қ. Жұбайұлы көшесі, № 41, Таушық ауылы әкімі аппаратының "Таушық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналақ кәсіпорны ғимараты

21

Таушық ауылы

Х. Елмұханбетов көшесі, № 6, "Таушық ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында

22

Сайын Шапағатов ауылы, Сайын Шапағатов ауылдық округі

Мақаш Елубаев көшесі, 133, "Сайын Шапағатов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында

23

Сайын Шапағатов ауылы, Сайын Шапағатов ауылдық округі

Маңғыстау облысы әкімдігінің Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Түпқараған орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Сайын Шапағатов дәрігерлік амбулатория ғимаратының жанында

24

Сайын Шапағатов ауылы, Сайын Шапағатов ауылдық округі

Маңғыстау облысының білім басқармасының Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің "Ғұбайдолла Айдаров атындағы №1 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында

25

Қызылөзен ауылы

С. Сисенбаев көшесі, № 2 ғимаратының жанында

26

Қызылөзен ауылы

І. Нысанбаев көшесі, № 29 ғимаратының алды


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады