Әкімдіктің 2007 жылғы 16 сәуірдегі № 158 "Техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі және жоғары білім алатын мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға, әлеуметтік көмектің қосымша түрін көрсету туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2011 жылғы 23 мамырдағы № 229 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 3 маусымда № 3762 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облыстық әкімдігінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 49 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облыстық әкімдігінің 01.02.2017 № 49 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 16-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі және жоғары білім алатын мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға, әлеуметтік көмектің қосымша түрін көрсету туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2007 жылғы 16 сәуірдегі № 158 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3571 болып тіркелген, 2007 жылғы 22 мамырда "Қостанай таңы", "Костанайские новости" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      2-тармақта:
      1) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
      "1) мүгедектер бiлiмі туралы құжатты алғанға дейiн әрбір оқу жылында, бірақ тиісті күнтізбелік жылда бiр реттен аспайтын әлеуметтік көмек алуға өтініш жасай алады. Соңғы оқу жылына әлеуметтік көмек алуға өтініш уақытылы жасалмаса, мүгедектер оның тағайындалуына оқығанына толық көлемде ақы төлеген жағдайда білімі туралы құжатты алған күнінен бастап екі жылдан кешіктірмей өтініш бере алады;";
      2) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
      "2) әлеуметтік көмек мүгедектердің немесе олардың заңды өкілдерінің оны алуға құқығын растайтын тиісті құжаттармен қоса өтініш берген күнінен бастап тағайындалады және тиісті оқу жылына бір жолғы төлем төленеді;".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Ш. Бектұрғановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қостанай
облысының әкімі
С. Кулагин

      КЕЛІСІЛДІ:
      "Қостанай облысы әкімдігінің
      жұмыспен қамтуды үйлестіру
      және әлеуметтік бағдарламалар
      басқармасы" ММ бастығы
      _________________ Қ. Тұманова
      "Қостанай облысы әкімдігінің
      қаржы басқармасы" ММ бастығы
      ___________ С. Аймұхамбетова
      "Қостанай облысы әкімдігінің
      экономика және бюджеттік
      жоспарлау басқармасы"
      ММ бастығы
      _________________ М. Щеглова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады