Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы әкімдігінің 2011 жылғы 20 қазандағы № 2бр қаулысы және Қостанай облысы мәслихатының 2011 жылғы 20 қазандағы № 434 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 8 қарашада № 3782 тіркелді

      Ескерту. Мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селосы", "селосының" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылы", "ауылының" деген сөздермен ауыстырылды, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді - Қостанай облысы әкімдігінің 04.07.2014 № 9 қаулысымен және Қостанай облысы мәслихатының 04.07.2014 № 297 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 8-бабына және 11-бабының 3) тармақшасына сәйкес және Жітіқара мен Сарыкөл аудандарының аудандық өкілетті және атқарушы органдарының пікірлерін ескеріп Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Барлық тұрғындардың кетуіне және қоныс аударуына байланысты Жітіқара ауданы Тоқтаров ауылдық округінің Максимовка ауылы таратылсын.
      2. Тұрғынының саны 52 адамнан кем Сарыкөл ауданы Темирязев ауылдық округінің Целинное ауылы таратылсын.
      3. Таратылған Целинное ауылы Сарыкөл ауданы Темирязев ауылдық округінің Темирязев ауылының құрамында қосылсын.
      4. Осы қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі                   С. Кулагин

      Сессияның төрайымы                         Т. Шерстобитова

      Қостанай облыстық
      мәслихатының хатшысы                       С. Төкенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады