Жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы әкімдігінің 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 3 қаулысы және Қостанай облысы мәслихатының 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 3792 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 13 қаңтарда № 3792 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 10-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қосымшаға сәйкес жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкалары белгіленсін.
      2. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай
      облысының әкімі                            С. Кулагин

      Сессия төрағасы,
      Қостанай облыстық
      мәслихатының хатшысы                       С. Төкенов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қостанай облысы әкімдігінің
      жер қатынастары басқармасы"
      ММ бастығы
      ___________________ Г. Тюркин

      "Қостанай облысы әкімдігінің
      экономика және бюджеттік
      жоспарлау басқармасы" ММ бастығы
      ___________________ Г. Кисленкова

Әкімдік пен мәслихаттың  
2011 жылғы 8 желтоқсандағы 
№ 3 қаулысы мен № 452   
шешіміне қосымша      

Жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде
олар үшін төлемақының базалық ставкалары

      Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 14.03.2014 № 4 қаулысымен және Қостанай облысы мәслихатының 14.03.2014 № 260 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Елді мекендер

1 шаршы метр үшін төлемақының
теңгемен базалық ставкасы

Қостанай қаласы
(облыс орталығы)

1357


Облыс орталығы ставкасынан
пайыздық көрсеткіште
төлемақының базалық ставкасы

Облыстық маңызы бар қалалар

85

Аудандық маңызы бар қалалар

75

Аймақтарда орналасқан
кенттер және ауылдық
елді мекендер:
Далалық орманды, далалық
және құрғақ далалық жартылай
шөлейт және шөлейт

Кенттер

Ауылдық елді
мекендер

25
18

15
10

      Ескертпе: қалаларда жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкалары олардың бас жоспарларында анықталған шекара шегінде қолданылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады