Тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды 2012 жылы шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімінің 2011 жылғы 16 қарашадағы № 7 шешімі. Қостанай облысы Қостанай қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 8 желтоқсанда № 9-1-175 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес және "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17-бабы 3-тармағының негізінде ШЕШТІМ:
      1. Тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының еркек жынысты азаматтарын 2012 жылғы қаңтардан наурызға дейін "Қостанай қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) шақыру учаскесіне тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. "Қостанай қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығына (келісім бойынша) "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесімен (келісім бойынша) бірге тіркеу жөніндегі іс-шараларды өткізу ұсынылсын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары М. Жұрқабаевқа жүктелсін.

                                                 Ж. Нұрғалиев

      КЕЛІСІЛГЕН:

      "Қостанай облысы
      әкімдігінің денсаулық
      сақтау басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      _____ О. Бекмағамбетов

     "Қостанай қаласының
      қорғаныс істері
      жөніндегі басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      __________ Ө. Өтебасов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады