2012 жылға Алтынсарин ауданының әкімшілік аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 371 қаулысы. Қостанай облысы Алтынсарин ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 16 қаңтарда № 9-5-137 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5 бабына, 7 бабының 2) тармақшасына сәйкес Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2012 жылға Алтынсарин ауданының әкімшілік аумағында тұратын халықтың нысаналы топтары осы қаулының қосымшасы бойынша анықталсын.
      2. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі тұрғындардың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.С. Қазыбаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Б. Ахметов

Әкімдіктің          
2011 жылғы 30 желтоқсандағы 
№ 371 қаулысына қосымша   

2012 жылға Алтынсарин ауданының әкімшілік аумағында
тұратын халықтың нысаналы топтары

      Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2012.04.16 № 92 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Табысы аз адамдар.
      2. Жиырма бір жасқа дейінгі жастар.
      3. Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар.
      4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар.
      5. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар.
      6. Зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған).
      7. Мүгедектер.
      8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар.
      9. Бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар.
      10. Оралмандар.
      11. Жоғарғы және оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер.
      12. Жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар.
      13. Техникалық және кәсіптік, орта білім білімнен кейінгі ұйымдарды бітірушілер.
      14. Ұзақ уақыт (бір жыл және одан әрі) жұмыс істемейтін адамдар.
      15. Елу жастан үлкен адамдар.
      16. Жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар.
      17. Уәкілетті органның жіберу бойынша кәсіптік даярлау және (немесе) қайта даярлауды, біліктілігін арттыруды аяқтаған адамдар.
      18. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады