Әулиекөл ауданының шақыру учаскесіне 1995 жылы туған еркек жынысты азаматтарды тіркеуді ұйымдастыру мен қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімінің 2011 жылғы 25 қарашадағы № 8 шешімі. Қостанай облысы Әулиекөл ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 26 желтоқсанда № 9-7-150 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабының 1-тармағының 13)–тармақшасына, "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17-бабының 3–тармағына сәйкес ШЕШЕМІН:
      1. Тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды Әулиекөл ауданының шақыру учаскесiне 2012 жылдың қаңтарынан бастап наурызына дейін тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облыстық ішкі істер Департаментінің Әулиекөл аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттiк мекемесiне (келiсiм бойынша) еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесiне тiркеу кезеңiнде, тіркелуден жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды жүргізу ұсынылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкiмiнiң орынбасары Б.А. Қуанышбаевқа жүктелсiн.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

                                                 Ғ. Нұрмұхамбетов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасы
      Ішкі істер Министрлігі
      Қостанай облысының ішкі
      істер Департаментінің Әулиекөл
      ауданының ішкі істер бөлімі"
      мемлекеттiк мекемесiнің бастығы
      ____________ Исмағұлов Н.Ә.

      "Қостанай облысы Әулиекөл ауданының
      қорғаныс істері жөніндегі бөлімі"
      мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы
      _____________ Түгелбаев М.Т.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады