Денисов ауданы бойынша өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын, өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрлері бойынша егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 10 мамырдағы № 128 қаулысы. Қостанай облысы Денисов ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 16 маусымда № 9-8-180 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 5 қыркүйектегі № 246 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2011.09.05 № 246 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 5) тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Заңының 5 бабы 3 тармағының 3) тармақшасы негізінде әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Денисов ауданы бойынша өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын, өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрлері бойынша егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері белгіленсін:
      1) дәнді дақылдарды (жаздық бидай, арпа, сұлы, тары, қарақұмық) 15 мамырдан бастап 5 маусымға дейін;
      2) майлы дақылдарды (рапс, күнбағыс, зығыр, арыш, сафлор, қыша) 15 мамырдан бастап 30 мамырға дейін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің орынбасары Т.Б. Рамазановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Денисов
      ауданының әкімі                            В. Ионенко

      Келісілді:

      "Денисов ауданы әкімдігінің
      ауыл шаруашылығы және ветеринария
      бөлімі" мемлекеттік мекемесі
      бастығы ____________ А. Зимовец

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады