Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2011 жылға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Жаңа

Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 2011 жылғы 1 қарашадағы № 247 шешімі. Қостанай облысы Жангелдин ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 6 желтоқсанда № 9-9-141 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7-бабы 3 тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" қаулысының 2 тармағына сәйкес Жангелдин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары 2011 жылға ұсынылсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жангелдин аудандық
      мәслихаты кезектен тыс
      сессиясының төрағасы                       Т.Ахметов

      Жангелдин аудандық
      мәслихаты хатшысының
      уақытша міндетін атқарушы                  Қ.Омар

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Жангелдин ауданының
      кәсіпкерлік және
      ауылшаруашылығы бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ____________________ Р.Құлетов

      "Жангелдин ауданының экономика
      және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ____________________ Д.Бидашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады