Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 8 сәуірдегі № 65 қаулысы. Қостанай облысы Қарабалық ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 27 сәуірде № 9-12-157 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 21 қазандағы № 297 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 21.10.2011 № 297 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 1-3)14) тармақшаларына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 16–бабына сәйкес, "Қарабалық ауданының 2011-2013 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" Қарабалық аудандық мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы № 313 шешімін (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 9-12-148 болып тіркелген) жүзеге асыру мақсатында Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жергілікті бюджеттен әлеуметтік төлемдердің келесі түрлері белгіленсін:
      1) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөрістен төмен қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек. Әлеуметтік көмек қайтыс болған сәтінде жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген отбасы мүшелеріне немесе қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуді жүзеге асырған тұлғаға тағайындалады және төленеді;
      2) аз қамтылған отбасылардың қайтыс болған кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге жиырма айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек. Егер баланың қайтыс болу күніне ата-анасының біреуі немесе өзге де заңды өкілі жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелсе, әлеуметтік көмек өтініш берушіге тағайындалады және төленеді;
      3) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратындарға, емдеу аяқталғаннан кейін қосымша тамақтануға он есе айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек;
      4) Жеңіс күніне: Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне, қатысушыларына бес мың теңге мөлшерінде; Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне жеңілдіктер және кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға екі мың теңге мөлшерінде бір жолғы әлеуметтік көмек;
      5) Ұлы Отан соғысының мүгедектерінің, қатысушыларының тұрмыстық мұқтаждықтарына бюджетпен қарастырылған қаржы шегінде үш мың теңге мөлшерінде ай сайынғы әлеуметтік көмек;
      6) білім ұйымдарында оқуды төлеу үшін бағытталған мемлекеттік бюджеттен басқа да төлемдер алатын, мемлекеттік білім гранттарына ие болған тұлғалардан басқа, табысы ең төменгі күнкөрістен кем отбасылардың жастарына, техникалық, кәсіптік, орта білім және жоғарғы білім алуына байланысты шығындарын өтеу үшін әлеуметтік көмек. Көмек екі үлеспен аударылатын оқу жылының ағымында оқудың бір жылдық құны мөлшерінде көрсетіледі.
      2. "Қарабалық ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі өкілетті орган болып анықталсын.
      3. Анықталсын:
      1) жекелеген санаттағы азаматтарға біржолғы және ай сайынғы әлеуметтік көмекті төлеу үшін уәкілетті органның әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімі аудандық комиссияның ұсыныстарын ескере отырып қабылданады.
      2) Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне, қатысушыларына тұрмыстық мұқтаждықтарына ай сайынғы әлеуметтік көмек өтініш берген айдан тағайындалады және өтініш берген тұлғаның қайтыс болуына немесе оның аудан аумағының шегінен тыс шығуына байланысты тоқтатылады.
      4. Әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тарту үшін негіздер болып табылады:
      1) өтініш беруші жалған мәліметтер берсе;
      2) осы қаулының 1-тармағына сәйкес көмек көрсетілетін азаматтар топтарына өтініш берушінің сәйкессіздігі.
      5. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, осы қаулымен қарастырылған әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізбесі белгіленсін.
      6. Әлеуметтік көмекті төлеу банктік операциялардың тиісті түрлеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бар екінші деңгейдегі банктер немесе ұйымдар арқылы әлеуметтік көмек алушының банктік шотына ақшалай қаражатты аудару жолымен жүзеге асырылады.
      7. Әлеуметтік көмекті қаржыландыруды "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасы бойынша жасалсын.
      8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Исенбаевқа жүктелсін.
      9. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған іс-әрекеттерге таратылады.

      Қарабалық
      ауданының әкімі                            Ф. Филиппов

Әкімдіктің     
2011 жылғы 8 сәуірдегі
№ 65 қаулысына қосымша

Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек
тағайындау үшін қажетті құжаттар тізбесі

      1. Әлеуметтік көмек тағайындау үшін міндетті құжаттар:
      әлеуметтік көмекке өтініш жасаған тұлғаның өтініші;
      өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      тұрғылықты жерін растайтын құжат;
      салық төлеуші куәлігінің көшірмесі;
      әлеуметтік жеке кодының көшірмесі;
      алушының ағымды шоттың ашылғанын растайтын құжаттың көшірмесі болып келеді;
      Кәмелетке толмаған баланың заңды өкілі болып келетін, өтініш беруші үшін – көрсетілген мәртебенің бар болуын растайтын құжаттың көшірмесі.
      2. Қосымша әлеуметтік көмекті тағайындау үшін келесі құжаттар ұсынылады:
      1) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге бір жолғы әлеуметтік көмек:
      қайтыс болуы туралы куәлігінің көшірмесі немесе қайтыс болуы туралы анықтамасы;
      уәкілетті органнан қайтыс болушының жұмыссыз ретінде тіркелуі туралы анықтама;
      егер жерлеу қайтыс болған адамның отбасы мүшелерімен жасалса, арыз беруші туыстық қатынастарды растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады;
      егер жерлеу қайтыс болған адамның отбасы мүшелерімен жасалмаса, арыз беруші жерлеуді жүзеге асырғанын растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады;
      2) аз қамтылған отбасылардың қайтыс болған кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге бір жолғы әлеуметтік көмек:
      қайтыс болуы туралы куәлігінің көшірмесі немесе қайтыс болуы туралы анықтамасы,
      баланың туу туралы актілі жазбадан үзіндісі;
      отбасының табысы туралы мәліметті растайтын құжаттар;
      уәкілетті органнан жұмыссыз ретінде ата-анасының біреуі немесе өзге де заңды өкілдің тіркелгені туралы анықтама;
      егер жерлеу қайтыс болған адамдардың мүшелерімен жасалса, арыз беруші туыстық қатынастарды растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады;
      егер жерлеу қайтыс болған адамдардың мүшелерімен жасалмаса, арыз беруші жерлеуді жүзеге асырғанын растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады;
      3) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратындарға, емдеу аяқталғаннан кейін қосымша тамақтануға біржолғы әлеуметтік көмек:
      аурудың емделуде болуын растайтын тиісті медициналық мекемеден анықтама;
      баланың туу туралы куәліктің көшірмесі (кәмелетке толмаған балалар үшін);
      4) Жеңіс күніне: Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне, қатысушыларына; Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне жеңілдіктер және кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға:
      егер осы азамат уәкілетті органның есебінде тұрмаған жағдайда, алушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;
      5) Ұлы Отан соғысының мүгедектерінің, қатысушыларының тұрмыстық мұқтаждықтарына ай сайынғы әлеуметтік көмек:
      өтініш берушінің мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі;
      6) білім ұйымдарында оқуды төлеу үшін бағытталған мемлекеттік бюджеттен басқа да төлемдер алатын, мемлекеттік білім гранттарына ие болған тұлғалардан басқа, табысы ең төменгі күнкөрістен кем отбасылардың жастарына, техникалық, кәсіптік, орта білім және жоғарғы білім алуына байланысты шығындарын өтеу үшін әлеуметтік көмек:
      тиісті оқу орнымен берілген, оқу жылына оқу төлемінің мөлшерін және оқу орнын растайтын құжат;
      өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсандағы табыстары туралы мәліметтерді растайтын құжаттар;
      оқу төлемін растайтын құжат, төлем жасалғаннан кейін беріледі.
      3. Салыстырып тексеру үшін құжаттар түпнұсқаларда және көшірмелерде беріледі. Салыстырып тексергеннен кейін құжаттардың түпнұсқалары құжат берілген күні, өтініш берушіге қайтарылады, ал құжаттардың көшірмелері куәләндіріледі және іске қалыптастырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады