Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 11 тамыздағы № 235 қаулысы. Қостанай облысы Қарабалық ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 14 қыркүйекте № 9-12-163 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 12 наурыздағы № 59 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 12.03.2015 № 59 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28-бабының 6-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қарабалық аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп:
      1) Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар қосымшаға сәйкес белгіленсін;
      2) белгіленген орындарды стендтермен, тақталармен және тұғырлықтармен жарақтандырсын;
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Ф. Филиппов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қарабалық аудандық сайлау
      комиссияның төрайымы
      ______________ Т. Салмина

_Әкімдіктің      
2011 жылғы 11 тамыздағы
№ 235 қаулысына  
қосымша       
 

Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін
орындар

Елді мекеннің
атауы

Үгіттік баспа материалдарын
орналастыру орындары

1

Қарабалық кенті

"Мәдениет және тілдерді дамыту
бөлімінің "Қарабалық аудандық
Мәдениет Үйі" мемлекеттік
мекемесінің ғимараты қасында

2

Қарабалық кенті

"Қостанай облысы әкімдігінің білім
басқармасы "Қазақстан
агротехникалық колледжі"
мемлекеттік коммуналдық казыналық
кәсіпорнының ғимараты қасында

3

Қарабалық кенті

"Қарабалық ауданы білім бөлімінің
Максим Горький атындағы Қарабалық
№ 1 орта мектебі" мемлекеттік
мекемесінің ғимараты қасында

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады