Үйінде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек-балаларға әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 14 сәуірдегі № 230 қаулысы. Қостанай облысы Қостанай ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 11 мамырда № 9-14-150 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданының әкімдігінің 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 693 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2011.12.09 № 693 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 16-бабына сәйкес Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Тиісті оқу жылы ішінде сегіз есе айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде үйінде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек – балаларға ай сайынғы әлеуметтік көмек (бұдан әрі әлеуметтік көмек) көрсетілсін.
      2. Анықталсын:
      1) әлеуметтік көмек Қостанай ауданы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен көрсетіледі;
      2) Қостанай облысы әкімдігінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 128 қаулысымен бекітілген, "Үйінде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек-балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттар ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету Стандартына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3617 нөмірімен тіркелген) сәйкес әлеуметтік көмек көрсетіледі.
      3. Әлеуметтік көмек төлемі екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдар арқылы әлеуметтік көмек алушының банктік шотына ақшалай қаражат аудару жолымен жүзеге асырылады.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратады.

      Аудан әкімі                                А. А. Ахметжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады